Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2020 жылдың соңына дейін халық саны 250-ден асатын ауылдар сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі — Б. Мусин

Сәрсенбі, 02 Қыркүйек 2020, 10:10:39

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы – бірінші вице-министр Бағдат Мусин Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру бойынша цифрландыру бөлігінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында цифрлық теңсіздікті жою, интернетке барынша қол жеткізуді және барлық азаматтарды сапалы байланыспен қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды.

Б. Мусин бүгінгі таңда қазақстандықтарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша екі жоба іске асырылып жатқанын атап өтті, олар: ауылдық елді мекендерде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу және интернетке мобильді кеңжолақты қосылу, олар осы жылдың соңына дейін аяқталады. Бұл 250-ден астам тұрғыны бар барлық ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ байланыс сапасын арттыру үшін мынадай шаралар қабылданады:

  • байланыс сапасының параметрлері айқындалады;

  • интернет сапасы бойынша деректерді тіркеуге және беруге мүмкіндік беретін Халықтық бақылау құралы енгізіледі;

  • байланыс операторларына қойылатын талаптарды арттыру бойынша бірқатар басқа да заңнамалық түзетулер пысықталады.

 Сонымен қатар Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы жолдауында жыл соңына дейін аса сұранысқа ие анықтамалар мен қағаз растауларды алып тастауды, ақпаратты цифрлық растауды қамтамасыз етуді тапсырды. Халықтың электрондық сервистермен өзара іс-қимылын жеңілдету үшін мемлекеттік қызметтер деңгейінде және жеке бизнесте биометрияны кеңінен қолдану қажет екендігі атап өтілді.

 Б. Мусиннің айтуынша, ҚР ЦДИАӨМ қызмет алушылардың Egov-та бір қадам арқылы тіркелуін жүзеге асыруда. Бұл қолданушыларға биометриялық сәйкестендіруден өтіп, кез-келген қызметке қол қоюға мүмкіндік береді.

«Соның нәтижесінде, көптеген адамдар Еgov қызметтерін пайдалана алатын болады. Онлайн-коммерциялық қызметтерді дамыту үшін бизнеске де сенімді биометриялық құрал ұсынылады. Азамат пайдаланушы болғаннан кейін цифрлық құжат қызметін қағаз құжаттармен тең қолдана алады», — деді министрдің м. а.

Жыл соңына дейін жүргізуші куәлігін, көліктің техникалық төлқұжатын, азаматтың төлқұжатын, жоғары білім туралы дипломды, студенттік билетті, сақтандыру полисін шығару жоспарлануда.

Сондай-ақ жыл соңына дейін 30-ға жуық сұранысқа ие анықтама алып тасталады. Шынайылықты растау QR кодты оқу арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Б. Мусин Қ. Тоқаевтың айтуынша, жаңа деңгейге шығуы тиіс «деректермен» жүргізіліп жатқан жұмыс туралы толығырақ айтып берді.

«Біз бір жыл ішінде эталондық деректердің бірыңғай архитектурасын әзірлейміз. Smart Data Ukimet мемлекеттік органдардың ведомствоаралық талдау жүйесі ретінде жетілдіріледі. Ақауға төзімділікті қамтамасыз ету үшін біз «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы тұлғасындағы деректер операторының инфрақұрылымында ақпараттық жүйелерді шоғырландыруды жалғастырамыз. Аталған мақсаттар үшін мемлекеттік дата орталықты дамыту ұсынылады», — деді Б. Мусин. 

ҚР ЦДИАӨМ талдауы көрсеткендей, отандық АТ-өнімдер мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулардағы халықаралық аналогтарды жылына 56 млрд теңгеге алмастыра алады. Ол үшін сенімді отандық бағдарламалар тізілімінің тетігі бар. Бұл тізімнен сатып алу басым тәртіппен жүргізілуі тиіс. Ал басқа жекеменшік нарықтарда отандық АТ-өнімдердің әлеуеті 142 млрд теңгені құрайды.

«Осы сандарға қол жеткізу үшин бізге оффтейк контракттар, несиелер алуға кредиттік гарантиялар және тағы басқа құрал түрлерін дамыту қажет. Аталған нәтижелерге қол жеткізген соң шетелдік нарыққа да шығуға ұмтылатын боламыз», — деді Б. Мусин.


Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда бес жыл ішінде майнинг индустриясы мен дата-орталықтарға салынатын инвестиция көлемін 500 млрд теңгеге дейін жеткізу керектігін атап өтті.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 13 майнинг фермасы жұмыс істейді (620 МВт тұтынатын). Сондай-ақ 4 ферма (450 МВт жуық) салынып жатыр. Бұл салаға 80 млрд астам теңге инвестиция тартылған. Қазіргі таңда тағы да 300 млрд теңгеге инвестиция тарту бойынша алдын ала келісімдер бар. Ал 2025 жылға қарай инвестиция көлемі шамамен 500 млрд теңгені құрауы жоспарлануда.

ҚР ЦДИАӨМ осы бағыттағы жұмыстарды қарқынды ары қарай жалғастыруды көздеп отыр.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
17 Қараша 2020, 13:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020
17 Қараша 2020, 13:29
Сатып алушы мобильді қосымша арқылы тауардың заңдылығын тексере алады — Е. Жамаубаев
17 Қараша 2020, 13:03
Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов
17 Қараша 2020, 11:34
Қазақстан «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарының және сырттай мүгедектікті белгілеу форматына көшуде — ҚР ЕХӘҚМ
17 Қараша 2020, 11:19
Жыл соңына дейін онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 90%-ға дейін жеткізіледі — ЦДИАӨМ
17 Қараша 2020, 10:02
Үкімет тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелерін қарады
17 Қараша 2020, 09:48
2021 жылы қағаз анықтамаларды толығымен алып тастауымыз керек — А. Мамин
17 Қараша 2020, 08:50
Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді
16 Қараша 2020, 18:46
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес өткізді
16 Қараша 2020, 17:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қарашадағы №752 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.