Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО-2017 аумағында Беларусьтің Ұлттық күніне қатысты

Бүгін Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Беларусьтің Премьер-Министрі Андрей Кобяков Беларусьтің Ұлттық күніне қатысты.  

Көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбы Беларусь Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылға дейінгі Ұлттық стратегиясының қағидаттарын іске асырумен тығыз байланысты. 

Бақытжан Сағынтаев өз сөзінде павильонда белорус ғалымдарының «болашақ энергиясы» саласындағы соңғы инновациялық әзірлемелері: энергия үнемдейтін және экологиялық таза техникалар мен жабдықтар өндірісі, көмірқышқыл газын шығаруды азайту, энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігі ұсынылғанын атап өтті.

Беларусьтің Ұлттық күні аясында ҚР және БР Үкімет басшыларына «Жібек жолы экономикалық белдеуі» халықаралық жобасының құрамдас бөлігі болып табылатын «Ұлы тас» индустриялық паркінің тұсаукесері көрсетілді.

Павильонда ұнаған жобалардың арасынан Бақытжан Сағынтаев электробус макетін ерекше атап өтті, оның техникасы мен технологиясы көрме тақырыбына толық сәйкес келеді және таяу арада қалалар мен ауылдарда ұсынылуы тиіс. 

Бұдан кейін Премьер-Министрлер Қазақстанның «Нұр Әлем» ұлттық павильонын аралады, онда Андрей Кобяковқа Қазақстанның тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, көрікті жерлері және соңғы жетістіктері таныстырылды. Көрмені аралау барысында олар энергияның негізгі түрлері – ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика энергиясы ұсынылған Болашақ музейіне барды.

Соңында Үкімет басшылары Беларусь Республикасы павильонының құрметті қонақтары кітабына жазба қалдырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу