«Нұрлы жол» аясында ұлттық электр желісін жаңғырту кестесінен бұрын жүргізілуде – ҚР ЭМ  

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы айтып берді.  

Вице-министрдің айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында  500 кВ Екібастұз-Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісі құрылысы» жобасын жүзеге асырудың мақсаты Солтүстік-Шығыс қиылысындағы желілердің өткізу қабілетін арттыру, Ресей ЕЭО желісі арқылы электр энергиясының тасымалдауына байланыссыз ШҚО тапшылығын жабуды қамтамасыз ету және Бұлақ ГЭС контрреттеуішін енгізумен Шүлбі ГЭС толық қуаттылығын беру болып табылады. 

«Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2011–2017 жылдар. Жоба құны – 53,3 млрд теңге. Қаржыландыру толығымен  KEGOC компаниясының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда жобаның барлық құрылыс-монтаж жұмыстары табысты аяқталды», – деді Бақытжан Жақсалиев.

Салынған нысандарды іске қосу 2016 жылы 6 желтоқсанда Мемлекет басшысының қатысуымен «Индустрияландыру күні» аясында өткен телекөпір барысында іске асырылды. Жобаның бірінші кезеңі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарланған 2017 жылдың орнына, 2016 жылы, кестесінен бұрын аяқталды. 

2018 жылы аяқталатын тағы бір жоба - Ақтоғай–Талдықорған–Алматы 500 кВ ШГЭС электр желісінің құрылысы. 

«Жобаны жүзеге  асыру Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік бағыты бойынша ұлттық электр желісінің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді, электрлендірілетін теміржол учаскелерінің, энергия қажет тау-кен өнеркәсібі нысандарының қажеттіліктерін жабуды қамтамасыз етеді, шекара маңы территорияларын дамыту және жаңғыртылатын энергия әлеуметін ауқымды игеру үшін жағдайлар тудырады, сонымен қатар Шығыс аймақтың Қазақстанның бірыңғай электржүйесімен байланысын күшейтеді», – деді Б. Жақсалиев.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу