Алматы–Шу теміржол желілерінің екінші жолдарын салуды 2017 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған – ҚР ИДМ

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр Алматы–Шу теміржол желілерінің екінші жолдарының ағымдағы құрылысы, сондай-ақ жұмыстарды аяқтаудың жоспарланған мерзімі туралы айтып берді.

«Алматы-Шу учаскесінің жалпы ұзындығы 300-ден астам шақырым, мұнда ұзындығы 111 шақырым екінші жолдардың құрылысы бойынша жұмыстарды аяқтау күтілуде. Егер өткен жылдың желтоқсанында бірінші іске қосу кешені аяқталса – бұл 52 шақырым, ағымдағы жылы ұзындығы 59 шақырым екінші жолдарды салу аяқталады. Бұл өткізу қабілетін екі еседен аса арттырады, мұнда жүрдек пойыздардың өту қабілетін арттыру сияқты тағы бір маңызды факторды атап өткен жөн», – деді Роман Скляр.

Ол екінші жолдар жылдамдықты жолаушылар қозғалысын әлдеқайда жоғары сапада ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Биыл желтоқсанда ағымдағы жұмыстар аяқталады, Алматыдан Шуға дейінгі жол бөлігі барлық қосымша жүктемелермен қосжолды учаске ретінде жұмыс жасайды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу