«Нұрлы жол» аясында апатты мектептер мен үш ауысымда оқытуды жоюдың жүйелік жұмыстары жалғастырылуда

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифинг барысында ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы мәлімдеді.

Бибігүл Асылова «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында «Білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту» бағыты бойынша биыл Ұлттық қордан барлығы 71,7 млрд теңге бөлінгенін хабарлады, олардың ішінде: 26,5 млрд тг 2016 жылы басталған 53 мектептің құрылысын аяқтауға; 45,2 млрд тг жаңа 56 мектептің құрылысына бөлінген.

«1 тамыздағы жағдай бойынша әкімдіктерге 41 156 млн теңге аударылған, олардың 38 606 млн теңгесі немесе 94%-ы игерілген.

Вице-министрдің айтуынша, 1 тамыздағы жағдай бойынша 7 мектеп пайдалануға берілген, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында 1 мектептен, ОҚО-да 4 мектеп және Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 320 орынға арналған балабақша пайдалануға берілді. 2017 жылдың соңына дейін 80 мектепті өткізу жоспарланған.

«Бүгінде Ұлттық білім беру деректер базасы бойынша елімізде 64 апатты мектеп пен үш ауысымда оқытатын 127 мектеп бар. Олардың қатарынан 41 апатты мектеп пен үш ауысымда оқытатын 62 мектеп 2015 жылдан қалған және тағы 23 апатты мектеп пен үш ауысымда оқытатын 65 мектеп анықталды», - деді Бибігүл Асылова.

 2017-2018 жылдардың қорытындысы бойынша апатты мектептердің орнына 51 мектеп пайдалануға беріледі және 90 мектеп үш ауысымды білім беруді жояды, олардың ішінде 116 мектеп Ұлттық қор есебінен тұрғызылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу