ҚР ДСМ: Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметінің екі деңгейлі үлгісі жасалады

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді (АМСК) жаңғырту туралы айтты.

Ләззат Ақтаева Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халық денсаулығын нығайту болып табылатынын мәлімдеді. Жеті негізгі бағыт айқындалды, олардың бірі - алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету (АМСК).

«Жыл сайын Қазақстанда АМСК дәрігерлерінің көмегіне 50 млн аса рет жүгінеді. Бір қазақстандыққа 3 жүгінуден, ал ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 6,7-ге тең», – деп хабарлайды Л. Ақтаева.

Кешенділікті қамтамасыз ету және медициналық жәрдемнің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін емделушінің қажеттіліктеріне байланысты барлық денсаулық сақтау қызметтерін біріктіру саясаты жүргізіледі.

«АМСК үлгісінің құрылымы қайта қаралды, ол жалпы дәрігерлік практиканың шағын формаларын дамытуға бағытталған. Бұл бір дәрігерге артылған жүктеменің 2019 жылға қарай ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін төмендетуге (1500 адамға дейін) мүмкіндік береді.

АМСК медициналық қызметкерлерінің қызметін жеңілдету үшін есеп және тіркеу формаларының саны 30%-ға қысқартылды, бұл қағаз түріндегі құжат айналымын қысқартуға және медициналық қызметкерлерге және АМСК ұйымдарындағы кезекке жүктемені азайтуға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді вице-министр.

Сондай-ақ, дәрі-дәрмекті бірден 3 айға жеңілдетілген жазып берудің арқасында емделушілердің емханаларға баруға уақыт шығыны едәуір азайды. Ай сайынғы тегін дәрі-дәрмек жазып беру тек қымбат тұратын және сирек препараттар үшін ғана сақталады.  

Бұдан өзге, аурулардың бес тобы бойынша ықпалдастырылған үлгі енгізіледі, ол облыстық ауқымдарда медициналық көмек көрсетудің үш деңгейі бойынша денсаулық сақтау ұйымдарын бөлуді қарастырады.

«Жедел жәрдем көрсетуді жетілдіру мақсатында жедел медициналық көмек қызметінің екі деңгейлі үлгісі жасалады. Ақпараттық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесі бар үлгі Павлодар және Қызылорда облыстарында сынақтан өткізіледі», – деп хабарлайды Ләззат Ақтаева.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда көп бейінді стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмелерінің жаңа форматын: триаж жүйесі, емделушіге бағытталған әдіс, бөлімшелердің кадрлық және материалдық-техникалық жабдықталуын қайта қарауды енгізу жоспарланғанын атап өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу