ҚР ҰЭМ: Жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының нәтижесі - еңбекпен қамтылмағандар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды шағын бизнеске тарту

Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы туралы айтып берді.

«Аталған бағдарламаны әзірлеу кезінде мәселелерді қарап, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық бойынша жағдайды талдадық. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және бизнеске дайын, экономикалық белсенді адамдарды тарту аясында бағдарламаларды іске асыру бойынша мәселелерді зерттедік.

Сондықтан, жаппай кәсіпкерліктің екінші бағыты бойынша іске асыруды екі мемлекеттік орган жүзеге асырады. Ауылдарда – АШМ, ал қалалардағы іске асыруға ҚР ҰЭМ әкімшілік етеді. Оқыту түріндегі қаржылық емес бөлігін ҰКП ұсынады», – деп түсіндірді Ғалия Жолдыбаева.

Ол сондай-ақ түпкі нәтиже – жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды бизнеске барынша тарту, ауылдар мен қалалардағы шағын несиелендіруді қаржыландыру бойынша құралдар қаншалықты тиімді іске асырылатынына байланысты екенін атап өтті. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу