ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ИКАО Бас хатшысы Ф. Люмен әуежай инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Бас хатшысы доктор Фан Люмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында әуежай инфрақұрылымын дамыту және ұшу қауіпсіздігімен қамтамасыз ету деңгейін арттыру мәселелері талқыланды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген бастамаларды іске асыруға ерекше көңіл бөлінді.

Анықтама:

ИКАО - басты мақсаты мемлекеттерге азаматтық авиация саласындағы ережелер, стандарттар, рәсімдердің біркелкілігіне қол жеткізу үшін көмек көрсету болып табылатын, БҰҰ мамандандырылған мекемесі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу