ҚР ИДМ Ұлт жоспары аясында Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыру туралы хабарлады

Қазақстан «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыра отырып өзінің көлік-логистикалық әлеуетін кеңейтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифинг барысында ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев мәлімдеді.

Вице-министр Ұлт жоспарын іске асыру аясында Алматы маңынан халықаралық авиациялық хаб құру үшін Мемлекет басшысы жоба операторын – «МГ Холдинг» компаниясын анықтағанын хабарлады. Компания жобаны іске асыруға Сингапурдан инвестициялар тартумен айналысады.

Бұдан өзге, «Эйр Астана» әуе компаниясы белсенді дамып жатыр, оның паркі 31 ұшақтан тұрады, олардың орташа жасы 6-8 жыл.

«2020 жылдың соңына дейін Airbus А320neo тобының 10 әуе көлігін, 2019 жылы – екі Боинг 787 ұшағын жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ «ҚТЖ» компаниясы «Эйр Астанамен бірлесіп жүк әуе компаниясын құру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді А. Айдарбаев.

Сонымен қатар ол «Астана» ХҚО көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Астанадан Франкфуртке, Лондонға, Дубайға, Сеулге, Бейжіңге және Парижге тікелей әуе қатынастары іске қосылғанын хабарлады. 2017 жылы тоғыз жаңа халықаралық әуе бағыты, олардың ішінде: Астанадан Делиге, Варшаваға, Хельсинкиге, Будапештке, Бейжіңге, Ереванға, Киевке, Батумиге және Минеральные Воды қаласына әуе қатынастары ашылды. 2019 жылы Токио мен Сингапурға, 2020 жылы Шанхай мен Нью-Йоркке әуе қатынасы бағыттарын ашу көзделіп отыр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу