Жаңа Салық кодексінің жобасы шағын бизнес үшін салық мөлшерлемесін 2018 жылдан бастап төмендетуді көздейді

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында шағын бизнес үшін салық мөлшерлемесін 2018 жылдан бастап төмендету ұсынылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов айтты.

Бірінші вице-министр қазір Қазақстанда шағын бизнес салық төлеудің бірнеше әдісін таңдай алатынын баяндады: компаниялар тәрізді жалпыға бірдей белгіленген, және патент – онда жарты жылда бір рет айналымнан 2% төленеді. Жаңа Салық кодексінің жобасы салық мөлшерлемесін 2018 жылдан бастап 2-ден 1%-ға дейін төмендетуді ұсынады.

«Егер айналым көп болса, шағын бизнес «жеңілдетілген декларация» режимін таңдай алады – онда жарты жылда бір рет айналымнан 3% төленеді. Ол 2 салықтың орнын алмастырады (кіріс салығы және әлеуметтік салық). Салық кодексінің жобасында айналым және саны бойынша шектеулер заңды тұлғалар үшін де, жеке кәсіпкерлер үшін де теңестірілмек. Бұл бірінші кезекте ЖК үшін жақсы», – деді Р. Дәленов.

Ол шағын бизнеске тиянақталған шегерістің жаңа режимі ұсынылатынын, ол айналымы көп, бірақ пайдасы аздар үшін тиімді екенін атап өтті.

«Мұндай кәсіпкерлер үшін айналымға салық салу тиімсіз. Сондықтан, салық базасы кірістер мен шығындардың арасындағы айырма болмақ. Шаруалар мен фермерлер өздерінің жеңілдікті режимдерін жоғалтпай, ҚҚС төлеушілер болуға құқылы болады. Оларға қызметтің басқа түрлерімен айналысуға рұқсат беріледі, және олар бұдан да жеңілдікті режимдерін жоғалтпайды. Кооперативтерге кіруге, бірнеше ауыл шаруашылығы өндірушілерінде құрылтайшы болуға және т. б. шектеулер болмайды», – деп атап өтті Р. Дәленов.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу