Е. Бахмутова: МӘМС қорын қалыптастыру кезінде ынтымақтастық қағидасы қолданылады

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығындағы брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Елена Бахмутова МӘМС қорын қалыптастыру кезінде неліктен жинақтаушы жүйесі қолданылмайтынын түсіндіріп өтті.

Е. Бахмутова МӘМС жүйесі жинақтаушы емес екенін және жекелеген адамға жұмсалуы мүмкін нақты ақша сомасымен шектелмегенін мәлімдеді.

«Мұнда ынтымақтастық қағидасы қолданылады, яғни жинақтаушы жүйесін қолданған жағдайда, 2 669 теңге көлемінде ай сайынғы аударымды төлеуі тиіс адам жылына шамамен 32 мың теңге жинай алуы мүмкін. Өз кезегінде, асқынбаған босану шамамен 82 мың теңге тұрады, ал айтарлықтай көп таралған қолқа қан тамырын шунттау операциясы шамамен 1,8 млн теңге тұрады. Осылайша, аталған қызметтерге жүгіну үшін жинақтау қорындағы сома жеткіліксіз болар еді», - деді Е. Бахмутова.

Осыған орай, оның айтуынша, ынтымақтастық жүйесі адамға өзінің салған жарнасының немесе аударымдарының сомасына қарамастан, өзіне қажетті медициналық көмек көлемін алуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу