Қазақстандықтар МӘМС аясында салалық мамандардың қызметтерін ала алады

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында қазақстандықтар тіркелу емханасын жылына екі рет ауыстыра алады, сондай-ақ учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша салалық мамандардың қызметтерін ала алады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.  

Ол МӘМС туралы заңнамаға сәйкес азаматтар ресми тіркеу науқаны аясында жылына бір рет емхананы таңдауға және осылайша оған тіркелуге құқылы екенін түсіндірді. Бұл күзде, ағымдағы жылдың қыркүйегінде осындай жұмыс басталады. Бұдан өзге, бір жыл ішінде азамат тұрғылықты жері ауысқан жағдайда өз еркімен емхананы тағы бір рет ауыстыра алады.   

Оған қоса, министр айтып өткендей, салалық мамандардың қызметтері, сондай-ақ УДЗ және компьютерлік томографияны қоса алғанда, барлық мүмкін зертханалық зерттеулер учаскелік дәрігердің жолдамасы болған жағдайда медициналық сақтандыру пакетіне енгізілген.

«Қызметтер алудың ең басты шарты бұл көрсетімдердің болуы, соның негізінде учаскелік дәрігер қандай да бір зерттеулерді жүргізу туралы шешім қабылдайды», - деді Е. Біртанов.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу