Қазақстанның еңбек заңнамасына сәйкес жұмысшылардың кәсіподақ таңдау құқығы бекітілген

Бүгін Үкіметте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсім» үшінші бағытын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмысшылардың құқықтарын қорғау бойынша кәсіби одақтардың қызметі туралы айтты.

Қазақстанда қазіргі таңда 467 кәсіподақ бар, олардың 154-і 2016 жылдың басынан бері «Кәсіби одақтар туралы» жаңа ҚР Заңы аясында құрылды.  

«Бір кәсіпорын жұмысшыларына бірнеше кәсіподақ құру және олардың пікірінше, өздерінің құқықтарын жақсырақ қорғайтынын таңдау мүмкіндігін бердік», - деді Т. Дүйсенова.

Жаңа Еңбек кодексі аясында кәсіподақтар қызметі тиімдірек болды. Мысалға, кодексті әзірлеу кезінде түнгі және үстеме уақытта жұмыс істегені үшін ақы төлеу мәселесі ескерілді. 364 республикалық және 3000-ға жуық өңірлік кәсіпорынды мониторингілеу кезінде бір де бір кәсіпорында осы мәселеде жұмысшылардың құқықтары бұзылмайтыны анықталды, керісінше, сағаттық мөлшерлеме бір жарым есе емес, екі есе төленеді.

Бұдан өзге, Т. Дүйсенова «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, шетелдік жұмысшыларды тарту рәсімдері жеңілдетілгенін айтты. Оған қоса, шетелден тартылатын жұмысшылардың біліктілігіне қойылатын талаптар күшейтілді.

«2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан аумағында 27 мың шетелдік жұмысшы еңбек етеді. Бұл – Қазақстанның барлық жұмыспен қамтылған халқының 0,4%», - деді министр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу