Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №9

2016 жылғы 7–11 қарашадағы аптаның айшықты оқиғалары

Дүйсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев IT-саланы дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Сейсенбіде Үкіметтің кезекті отырысында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы мен бәсекелестікті дамыту мәселелері талқыланды. 

Сәрсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысына қатысты, шара барысында «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заң жобасын депутаттар мақұлдады. 

Дәл осы күні Премьер-Министр Үкімет Үйінде Қазақстанның Еуропалық бизнес-қауымдастығының өкілдерімен кездесті. 

Жұма күні Бақытжан Сағынтаев ветеринария мәселелерін талқылау бойынша кеңес өткізді.

Сенбі күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алуды бақылау механизмдерін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу