Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (http://www.adilet.gov.kz/) мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, сондай-ақ жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есептеу, сақтау, бағалау және одан әрі қолдану бойынша атқарушы құжаттарды орындау және жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган болып табылады.

Марат Бақытжанұлы Бекетаев

Қазақстан Республикасының Әділет министрі

 

 

1977 жылы 29 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2000 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген.

2001–2002 жылдары — «ҚР СІМ дипломатиялық өкілдіктерімен жұмыс жөніндегі департамент» РМК ұйымдастырушылық-хаттамалық бөлімінің ақпарат өңдеу секторының меңгерушісі.

2002–2003 жылдары — Алматы қаласындағы «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма» ЖАҚ ұйымдастырушылық-талдамалық бөлімінің бастығы.

2003 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Мемлекеттік қызметті құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету департаменті басқармасының, бөлімінің бастығы.

2004 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығы» МБ директорының орынбасары.

2004–2006 жылдары — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту еуразиялық орталығы» РМҚК директорының орынбасары, директоры.

2006–2007 жылдары — ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі.

2007 жылы — ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2007–2010 жылдары — ҚР әділет вице-министрі.

2010–2015 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы.

2015–2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2016 жылғы 13 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының әділет министрі болып тағайындалды.

2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен әділет министрі қызметіне тағайындалды. 

«Құрмет» орденімен марапатталған (2011).

 

 

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту