Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (http://www.minfin.gov.kz) негізгі міндеттері бюджеттiң атқарылуы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру, республикалық бюджеттің және оның құзыретіне жатқызылған жергілікті бюджеттердің орындалуы бойынша бюджеттік есеп және бюджеттік есеп беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу, республикалық меншікті басқару сферасында, сондай-ақ банкроттық сферасында (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (ізін жасыруға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету, сонымен қатар салалық саясат пен кедендік іс саласындағы саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысуға басшылық ету және салааралық үйлестiру болатын орталық атқарушы орган болып табылады.

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 

 

 

1971 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Инженер-электрик, экономист.
1994-1997 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші экономисі, мемлекеттік бағалы қағаздар басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы.
1996-1997 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасы бастығының орынбасары.
1997-1998 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры.
1998-1999 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының орынбасары.
1999-2002 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары, директоры.
2002-2003 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат департаментінің директоры.
2003-2006 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары.
2006-2007 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары.
2007-2010 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
Мемлекет басшысының 2010 жылғы наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
2012 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
6 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Премьер-Министрдің Орынбасары - ҚР Қаржы министрі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталған.
Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту