Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (https://www.enbek.gov.kz/) әлеуметтік-еңбекті саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрліктің міндеті – конститутциялық кепілдіктер мен еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету арқылы халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға көмектесу.

Жүзеге асыратын бағдарлама – Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020.

Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

 

 

 

Мәдина Әбілқасымова 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған.

Түрлі жылдары Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы, «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ мемлекеттік саясатты талдау департаментінің директоры болып еңбек еткен.

2006 – 2008 жылдары М. Әбілқасымова ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары болған, одан кейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалған.

2011 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы ақпанға дейін ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі лауазымын атқарған.

2012 жылдан бастап — Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары.

2013 – 2014 жж. — ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2014 жылдың тамыз айынан бастап ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған.

2018 жылдың ақпанынан бастап – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

 

 

 

Жарияланды: 10 ақпан 2017

Мұрағат

Қараша
-0001
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту