Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (http://edu.gov.kz) білім, ғылым, балалардың құқықтарын қорғау және жастар саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

 

 

1966 жылы туған, 2 жоғары білімі бар. 1990 жылы «экономика» мамандығы бойынша С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған, біліктілігі экономист – саяси экономияның оқытушысы.

1993 жылы - АҚШ Миннеаполис қ. Қолданбалы экономика департаменті Миннесота штатының Университетін бітірді, ғылым магистрі ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек қызметін 1990 жылы Сыртқы істер министрлігінің Қолданбалы экономика департаментінің халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі екінші хатшысы лауазымынан бастады.

1992 жылдан 1993 жылға дейін Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы департаментінің ахуалын талдау жөніндегі ассистенті, Шығыс Еуропа, ТМД, АҚШ елдерінің кураторы болған.

1993 жылдан 1994 жылға дейін АҚШ,Девелопед Технолоджи Рисорс, Миннеаполис штаты технологиялар маркетингі жөніндегі жобаның жетекшісі болды.

1995 жылдан 2004 жылға дейінбизнес салаларында басшылық қызмет атқарған.

2003 жылданбастап 2009 жылғадейін «Жаңатехнологиялар. Қазақстан» АҚдиректорларкеңесініңтөрағасыболды, бас директордыңлауазымынатқарды.

2004 жылдан 2012 жыл аралығында Халықаралықбизнесуниверситетініңпрезидентіболды.

2007 жылдың ақпан айынан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі.

2008 – 2009 жылдары – «Инвестициялық қор» АҚ тәуелсіз директорының лауазымын атқарды.

2009 – 2012 жылдары аралығында – «Frontier Mining Ltd» директорлар кеңесінің төрағасы, сонымен бір уақытта Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің президенті болып қызмет атқарды.

2010 жылдан 2011 жылға дейінАлматы қалалық өңірлік Қаржы орталығы Академиясының директорлар кеңесінің төрағасы лауазымын атқарды.

2011 жылдан 2012 жылға дейін – «Қазақстандық жылжымайтын мүлік» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2012 жылдан 2013 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі болды.

2014 жылғы ақпаннан тамызға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.

2014 жылғы тамыз айынан  2015 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі.

2016 жылғы 10 ақпаннан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі болып тағайындалды.

 

 

 

 

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту