Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (http://mfa.gov.kz) сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі органдарының бірыңғай жүйесін басқарады.

Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

 

 

2016 жылғы 28 желтоқсаннан бері: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

26.11.2013 – 28.12.2016: Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі

2011-2013: Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшісі – Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі

2008-2011: Қазақстан Республикасының Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) жанындағы Тұрақты Өкілі, ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің Төрағасы (2010), Вена қ.

2007-2008: Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшісі – Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі

2006-2007: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

2003-2006: Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшісі

2001-2003: Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігінің Кеңесші-уәкілі

1999-2001: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі

1998-1999: ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің Директоры (Еуропа, Америка, Азия, Таяу Шығыс пен Африка)

1994-1998: ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің Басқарма басшысы, Директорының орынбасары және Директоры; ҚР СІМ Еуропа мен Америка департаментінің Директоры

1993-1994: ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі қызметке кірісті. ҚР СІМ Еуропа департаментінің үшінші, екінші хатшысы.

1987-1993 – Қазақ ұлттық техникалық университетінде тарих пәнінің лекторы; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспиранты

Білімі: 1981-1987: Қазақ мемлекеттік университеті (Тарих факультеті)

Басқа:

1964 жылғы 21 сәуірде дүниеге келген.

Үйленген, 2 баласы бар.

Меңгерген шет тілдері: Ағылшын

Қазақстанның мемлекеттік сыйлықтарымен марапатталған («Құрмет», «Парасат» ордендері).

 

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту