Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (www.mz.gov.kz) азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Жүзеге асыратын бағдарламалар:


- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы;

- Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасы.

Елжан Амантайұлы Біртанов

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

 

 

1971 жылдың 18 қазанында Жамбыл облысында дүниеге келді. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1994 жылы Алматы медициналық институтын емдеу ісі мамандығы бойынша, Аризона штатының университетінде (Қарқынды терапия мен токсикология), Ресей медициналық дипломнан кейінгі білім академиясында денсаулық сақтау саласындағы менеджмент мамандығы бойынша (2001 ж.), Шарите университеттік клиникасында (Берлин, Германия) емдеу ісіндегі менеджмент (2006 ж.), Тұран университетінде экономист (2008) мамандықтары бойынша, сонымен бірге, Duke University, Fuqua School of Business (АҚШ), Global Executive MBA магистратурасында (2013 ж.) білім алған. Медицина ғылымдарының докторы, іскер әкімшілік магистрі.

Ол өз еңбек жолын институтты бітіргеннен кейін 1991 жылы Алматы қаласындағы жедел медициналық көмек көрсету емханасы психоневрология (ОҚКЕ), Алматыдағы ЖМКА қарқынды терапия, жан сақтау, токсикология бөлімінде мейіргер болып бастады.

1991-1994 жылдары Алматы қаласындағы Жедел медициналық көмек көрсету емханасы психоневрология бөлімінде, ЖМКА қарқынды терапия, жан сақтау, токсикология бөлімінде мейіргер болып жұмыс істеді;

1994-1998 жж. – ЖМКА Ақпараттық-консультативтік токсикологиялық орталығының жетекшісі, дәрігер-токсиколог, реаниматолог;

1998-1999 жж. – Алматы қалалық токсикология орталығының жетекшісі;

1999-2005 жж. – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бас токсикологы, республикалық токсикология орталығының жетекшісі;

2000-2008 жж. – Алматы дәрігерлерді жетілдіру мемлекеттік институты клиникалық токсикология курсының оқытушысы, жетекшісі;

2006-2008 жж. – «Денсаулық сақтау саласы медициналық және экономикалық проблемалар ғылыми орталығы» РМҚМ директоры;

2008 ж. наурыз – тамыз айларында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі;

2008 ж. тамызынан желтоқсанға дейін – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма басшысының орынбасары;

2008 ж. желтоқсан- 2010 ж. сәуір – ӨР Денсаулық сақтау вице-министрі;

2010 ж. сәуір – 2012 ж. желтоқсан - «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма басшысы

2012 ж. желтоқсан – 2014 ж. наурыз – «Назарбаев Университет» АББҰ атқарушы кеңесі басшысының кеңесшісі;

2014 ж. сәуір – 2015 ж. қараша – «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын қолдау орталығы» ЖШС Басқарма басшысы;

2015 ж. қараша – 2017 қаңтар – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;

2017 ж. 25 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.

 

Жарияланды: 10 ақпан 2017

Мұрағат

Қараша
-0001
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту