Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (http://energo.gov.kz/) мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау, мұнай өнімдерін өндіру, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыр, электр энергетикасы, көмір өнеркәсібі, атом энергиясы, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, табиғат ресурстарын қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын, бақылау және қадағалау, тұрмыстық қатты қалдықтары кәдеге жарату, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, «жасыл экономиканы» дамыту мемлекеттік саясатын бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

 

 

 

1969 жылдың 8 қаңтарында Алматы қаласында туған.

1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, («Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау» факультеті);

1993–1994 жылдары — «Эдем лтд» ЖШС экономисі;

1994–1997 жылдары — Алматы қаласы әкімінің көмекшісі;

1997 жылы — «Алмаз және Компания» СӨБ экономикалық мәселелер бойынша директоры;

1997 жылы — Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы;

1997–1998 жылдары — «Мұнайды тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті;

1998–2000 жылдары — Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің директоры;

2000 жылы — Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;

2001 жылы — «KEGOK» АҚ бірінші вице-президенті;

2001–2007 жылдары — «KEGOK» АҚ президенті;

2003–2007 жылдары — Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы Директорлар кеңесінің төрағасы;

2007 жылы — «AirAstana» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

2007–2008 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

2008 жылы — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

2007–2008 жылдары — «Қазақстандық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы;

2008–2009 жылдары — «KEGOK» АҚ басқарма төрағасы;

2009–2013 жылдары — Жамбыл облысының әкімі;

2013–2016 жылдары — Павлодар облысының әкімі;

2016 жылғы наурыздан бастап — энергетика министрі (13.09.2016 қайта тағайындалды).

2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен энергетика министрі болып қайта тағайындалды. 

«Құрмет» орденімен марапатталған, ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.

 

 

Жарияланды: 07 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту