Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (http://economy.gov.kz/) стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу, табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар, халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту, сауда қызметін реттеу, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту, жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, халықтың көші-қоны, мемлекеттік материалдық резерв;

      - өңірлік даму, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық, елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік реттеу, жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет;

      - тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау және реттеу, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын;

      - телекоммуникация және почта байланысы аясындағы салаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылау, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеу;

      - мемлекеттік статистикалық қызмет саласындағы саясатты;

      - тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласында басшылықты, салааралық үйлестіруді, стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 

Тимур Мұратұлы Сүлейменов

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

 

 

1978 жылы 5 сәуірде туған.

2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. 2002 жылы “Болашақ” бағдарламасы бойынша Мэриленд университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2010 жылдан бастап 2012 жыл аралығында - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2012 жылғы 1 ақпаннан бастап - Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі)​​.

2016 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. 

 

 

 

Жарияланды: 07 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту