Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (http://mid.gov.kz) индустрия және елді индустриялық-инновациялық дамыту, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, жергілікті қамтуды дамыту, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi; салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестицияларды қолдау саясаты, қолайлы инвестициялық ахуалды жасау; арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс iстеуi және оларды тарату, экспорттық бақылау; техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету; көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын өндiру, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану, уранды және көмірді қоспағанда, жерасты сулары және емдiк балшықтар, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын мемлекеттiк басқару; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, туристiк қызмет, инвестицияларды мемлекеттік қолдау саясатын іске асыру салаларында, теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары; өнеркәсіптік қауіпсіздік; байланыс, ақпараттандыру және «электрондық үкімет», ақпарат; ғарыш қызметі салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

 

 

 

 1975 жылы 7 мамырда дүниеге келді.

ҚазБСҚА (Алматы қ.) «Сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша аяқтады, экономика ғылымдарының кандидаты

Әр жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелістікті қорғау жөніндегі агенттіктің темір жол көлігі және порттар бөлімінің басшысы, Үйлестіру және тарифтік саясат департаментінің тарифтік саясат бөлімінің басшысы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаментінің директоры, «Ақтау халықаралық теңіз порты» РМК директоры лауазымын атқарды.

2005 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі.

2009 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы.

2014 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі.

2014 жылғы тамыздан бастап – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

2016 жылғы маусымнан бастап – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі.

Жарияланды: 07 тамыз 2014

Мұрағат

Тамыз
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту