ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда алғаш рет шығарылған «Кировец» тракторын сынап көрді

фото: Нариман Мурзабаев

Қостанай облысында «Қостанай» Индустриялық аймағы аумағында ҚР Үкіметінің қолдауымен  «Кировец» қуаттылығы жоғары тракторларын шығаратын алғашқы зауыт ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Премьер-Министр Асқар Мамин қатысты

Зауыт жобалық қуаттылығына шыққан кезде жылына 700 трактор өндіру жоспарланған. 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын және іргелес салаларда 700 жұмыс орнын құрылады. 2025 жылға қарай  жергіліктендіру деңгейі біртіндеп 50%-ға дейін арттырылады

Жаңа кәсіпорында негізінен қазақстандық жоғары оқу орындарының техникалық факультеттерін бітірген жастар жұмыс істейді

Жұмысқа кірісер алдында зауыттың инженерлік құрамы Петербург трактор зауытының конвейерлерінде тағылымдамадан өтеді

Бұл трактор аса сұранысқа ие және оның сатылымы барлық қуаттылығы жоғары тракторлардан жоғары. Ол нарықта көш басында. Сатылу деңгейі 50%-дан асады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда  «Кировец» тракторларына деген жыл сайынғы қажеттілік шамамен 1600 тракторды құрайды

 «ПТЗ» АҚ-ның Қостанай трактор зауытының жарғылық капиталына кіруі туралы келісімге қол қою рәсімі. Стратегиялық құжатқа ҚҚЗ Бақылау кеңесінің төрағасы, Қазақстан автобизнес қауымдастығының президенті А. Лаврентьев және ПТЗ бас директоры С. Серебряков қол қойды

Премьер-Министр жұмыс сапары аясында  «Қостанай-МБИ» ЖШС үй құрылысы комбинатын аралады, онда өндірілетін өнімдерді - қабырға панельдерін, іргетас блоктарын, жабын плиталарын, саты айналымдарын және т.б. көрді. Кәсіпорын жылына 70 мың ш.м. тұрғын үй алаңын салуды қамтамасыз етуге мүмікіндік беретін материалдарды өндіреді

«Большевичка» өндірістік кооперативін аралау кезінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминге фабрикада шығарылатын өнімдер ассортименті көрсетілді

«Большевичка» ӨК облыстағы тоқыма бұйымдарын өндірумен айналысатын жеңіл өнеркәсіп бойынша бірден-бір ірі кәсіпорын. Оның негізгі жұмысы - алуан түрлі тігін бұйымдарын өндіру, оның ішінде: мектеп формасы, еліміздегі күш құрылымдарына арналған форма киім-кешегі, мұнайшылар, газшылар, теміржолшылар, медицина қызметкерлері т.б. арналған арнайы киім шығару

Бүгінгі таңда кәсіпорында 250 адам жұмыс істейді. Фабрика облыстағы білім беру мекемелерімен белсенді іс-қимыл орнатқан. Кәсіпорында жас мамандар, сондай-ақ Еңбек биржасындағы жұмыссыздар тәжірибеден өтіп, еңбекке орнасалады. Орташа жалақы мөлшері - 90-100 мың теңге

Қазақстан Премьер-Министрі фабриканың өндірістік алаңын аралап, оның жұмысымен танысты

«Большевичка» Қостанай фабрикасы — 1941 жылы Херсон қ. фабрикадан көшірілген базада құрылған Қазақстанның ең ескі кәсіпорындарының бірі.  Мұнда шағын музей бар, онда кәсіпорынның тарихымен танысуға болады

2019 жылдың 9 айында «Большевичка» ӨК 29 мың тігін бұйымдарын өндірген. Кәсіпорын өнімдері Қазақстанның нарықтарына ғана өткізіліп қоймай, Ресейге де жеткізіледі

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу