Фоторепортаж: ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына жұмыс сапары

фото: Мурзабаев Нариман

Премьер-Министр «Өскемен – Талдықорған» автожолының құрылысы жобасын тексерді

Жобаларды іске асыру қозғалыс қауіпсіздігін арттырады, елді мекендер мен автожолдарға іргелес жатқан аумақтардың экологиялық жағдайын жақсартады

Үкімет басшысы Аягөз ауданаралық ауруханасына барды

Аягөз ауданаралық ауруханасы 1977 жылы пайдалануға берілген, жалпы ауданы 13132,3 ш. м.

Аурухана компьютерлік томографпен жабдықталған және Аягөз, Үржар, Жарма аудандарының 200 мың тұрғынына шақталған

А. Мамин Ольга Рыпакованың жеңіл атлетика орталығында болды

Жарыстарға арналған жеңіл атлетика аренасында World Athletics-тің барлық халықаралық талаптарына сәйкес келетін Regupol AG жабыны бар

Үкімет басшысы «КЭМОНТ» АҚ электр техникалық жабдықтарын құрастыратын Қазақстандағы ірі кәсіпорында болды

Кәсіпорынның негізгі қызметі — электр, тарату және реттеу аппаратурасын өндіру

Премьер-Министр «Восток-Молоко корпорациясы» ЖШС қызметімен танысты

Компания қуаттылығы жылына 80 мың тонна болатын Қазақстандағы ірі сүт өндірушілердің бірі

Үкімет басшысы «Ost Fish» ЖШС бекіре тұқымдас балық өсіру цехында болды

«Ost Fish» ЖШС өндіріс қуаты жылына 45 тонна бекіре және 4 тонна қара уылдырық

А. Мамин археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және артефактілермен танысты

Музей 1915 жылы құрылған, жеті экспозициялық зал ашылған, музей қорында 168 049-дан астам сақтау бірлігі бар

А. Мамин Талдықорған қаласындағы «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 5 көпқабатты тұрғын үй құрылысының барысын тексерді

Биыл мемлекеттік бағдарламалар аясында Алматы облысында кезекте тұрған 2 853 адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған

Талдықорғанда Премьер-Министр №3 қазандықты газға көшіру жұмыстарының барысымен танысты

Үкімет басшысы Алматы облысындағы «Каримов» ЖК сүт-тауар фермасында болды

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу