Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Мәдина Серікқызы Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Мәдина Жүнісбекова Алматы қаласында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы ММУ, Париж I Пантеон – Сорбонна университетін, Пантеон-Ассас университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Коммерциялық секторда, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығында және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде жұмыс істеді. Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына 2018 жылғы сәуір айында тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу