Камалжан Надыров денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды



Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Камалжан Талғатұлы Надыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды.

К. Надыров 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Тұран университетін, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебін тәмамдаған. Түрлі жылдары Duke University, «The Fuqua School of Business» (АҚШ), «Parkway College» (Сингапур), «Florence Nightingale» (Түркия) клиникалар тобынан, «Oxford «Social Health Insurance system» (Германия) оқудан өткен. 

2007-2014 жылдары Б. О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында клиника ординаторы, бөлім меңгерушісі, бас директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2016-2017 жылдар аралығында Республикалық диагностикалық орталықты басқарды — «University Medical Center» филиалының директоры болды.

2017-2018 жылдары — Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының  басшысы.

2018 жылғы наурыздан 2019 жылғы наурызға дейін Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі таңға дейін ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымын атқарды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу