Б. Иманәлиев ҚР ЦДҚАӨМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Бақытбек Зүбайраұлы Иманәлиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу