Ержан Жиенбаев ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды

ҚР Премьер-Министрінің өкімімен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2002–2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде еңбек еткен.

2005 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істейді. Аға сарапшы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2012–2013 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2013 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу