Олжас Әбішев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Олжас Амангелдіұлы Әбішев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Олжас Әбішев 1983 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін, 2005 жылы — Әулие Ата университетін, 2006, 2010 жылдары — Инженерлік колледжді, Андон ұлттық университетін (Оңтүстік Корея) тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист–информатик, заңгер–құқықтанушы, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында инженерия ғылымдарының докторы (PhD), NURI «Өңірлік инновацияларға арналған ұлттық университетінің» қауымдастырылған профессоры (Оңтүстік Корея).

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған.

Түрлі жылдары «Қазагромаркетинг» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ, «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ, «Astana Innovations» АҚ, «Тұран – Астана» университетінде, сондай-ақ коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

2017 жылғы қыркүйек айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» РМК бас директоры лауазымын атқарған.  

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу