ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды


 

Энергетика министрінің бұйрығымен Абай Мұхтарұлы Шаңғытбаев Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Абай Шаңғытбаев Қазақ политехникалық институтының автоматика және басқару жүйесі факультетін бітірген, біліктілігі  — инженер-электрик.

Еңбек жолын 1988 жылы «ЗапКазЭнерго» РУ электр желілерінің Оңтүстік кәсіпорнында байланыс электромонтері, релелік қорғау және автоматика қызметінің инженері болып бастаған.

1991 ж. «ЗапКазЭнерго» РУ электр желілерінің Шығыс кәсіпорны релелік қорғау, автоматика және өлшеу инженері болып жұмыс істеді. 

1999 ж. — ҚР Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің «Мемэнергоқадағалау» ЗКРУ энергоинспекциясының инспекторы.

2004 жылы «Ақтөбеэнерго» ААҚ Хромтау аудандық электр желілері бөлімінің Өткізу департаментінің инспекторы, бастығы қызметтерін атқарды.

2013 ж. — Хромтау АЭЖ бастығы, «Энергосистема» ЖШС-ның өндірістік-техникалық қызмет бастығының орынбасары, өндірістік-техникалық қызметінің бастығы.

2015 ж. — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті аумақтық бөлімшелерді үйлестіру, мониторинг және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс  басқармасының бас сарапшысы, тұтынушылардың электр желілері мен электр қондырғыларын қадағалау және бақылау басқармасының бастығы.

2015 ж. ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасы департаменті директорының орынбасары болды. 

2016 ж. — ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.

2016 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасының орынбасары.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу