28 Маусым 2019, 16:23
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Есин Данияр Нұрашұлы Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында туған. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Түрлі жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарында болды. 2016-2018 жылдары - Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы. 2018 жылдың наурыз айынан Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасын басқарады.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу