Бауыржан Сартбаев «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Директорлар кеңесінің шешімімен Сартбаев Бауыржан Мейрамбекұлы «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Б. Сартбаев 1966 ж. Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, КИМЭП бітірген. 

2000–2002 жж. ҚР Қаржы министрлігінің «Оңалту қоры» РМК заң басқармасының бастығы болды. 

2000–2002 жж. — ҚР Білім министрлігінің «Қаржы орталығы» ММ директорының орынбасары. 

2003–2006 жж. — «Қазастықтранс» еншілес компаниясының басқарма төрағасы.

2006–2007 жж. — Ұлыбританиядағы «Азық-түлік корпорациясы» АҚ өкілдігінің директоры.

2008–2012 жж. — «Номад» ЖШС директорының орынбасары.

2012–2013 жж. — «Сарыарқа» кешенді даму орталығы» мемлекеттік қоры директорының орынбасары.

2013–2015 жж. — ҚР ПІБ «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директорының орынбасары. 

2015-2018 жж. - ҚР ПІБ РМК директоры. 

2018-2019 жж. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы  Сауда өкілі лауазымында болды. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу