Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады

Президенттің Өкімімен Анарбек Бақтығазыұлы Қарашев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімдерімен:

Данияр Валерьевич Вагапов ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;

Арман Дайырұлы Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды;

Ермек Беделбайұлы Көшербаев ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, ол ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу