Айгүл Құспан Алмас Хамзаевтың орнына Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі елшісі қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айгүл Сайфоллақызы Құспан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.  

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмас Насреддинұлы Хамзаев ҚР-ның Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ҚР-ның Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) ҚР Өкілдігінің Басшысы қызметін қоса атқарудан босатылды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу