Елбасы ҚР-ның Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы елшісін тағайындады

Қазақстан Президенті Төлежан Барлыбаевты ҚР Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу