Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Премьер-Министрдің Кеңсесі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Кеңсе туралы ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады.

Кеңсенің миссиясы: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру.

 

Кеңсенiң негізгi мiндеттерi мыналар

  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен Үкiметiнің қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шараларды әзірлеу;

  • мемлекеттiк органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесiн, оның iшiнде ақпараттық дерекқор құру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру; 

  • Yкiмет пен Премьер-Министрдің актілерін дайындау және орындау процесінде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру; 

  • Мемлекет басшысының актілері мен Үкiметке берiлген тапсырмаларының, Yкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзiмiн бақылау; 

  • Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы үшiн олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде оның нәтижелерi бойынша қорытындының ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын Үкiмет пен Премьер-Министрдің шешiмдерi жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектiлерiне сараптама жүргізу.

 

Этика жөніндегі уәкілетті 

Асқар Серікжанұлы Жәкенов 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі бойынша Этика жөніндегі уәкілетті ‒ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары

 

Байланыс ақпараты:

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы 6, А 509 кабинет.

Мемлекеттік қызметкерлерді қабылдау әр айдың алғашқы сәрсенбісінде сағат 17:00-ден 18:30 аралығында жүргізіледі. Басқа азаматтарды қабылдау маусым, қыркүйек және желтоқсан айларының екінші сәрсенбісінде сағат 17:00-ден 18:30 аралығында жүргізіледі.

 
 
Кеңсенің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы

Ғалымжан Қойшыбаев 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.

  • 1995–2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, Кеңесші-Уәкілі болып қызмет еткен. 

  • 2004 жылы — Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының жанындағы Өкілетті өкілі болған. 2004–2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы. 

  • 2006–2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі. 

  • 2008–2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы). 

  • 2012–2016 жылдары — Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы). 

  • 2016 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

  • 2019 жылғы 26 наурызда Үкімет қаулысымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. 

  • 2019 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. 

Ермек Әмірханұлы Аманшаев

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары
 

1963 жылы 12 наурызда ҚазКСР-да туылған. 

Еңбек өтілі:

  • 1979 жылы – Маңғыстау облысындағы Ералиев поселкісіндегі орта мектеп оқытушысы.

  • 1985–86 жылдары – Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейінің ғылыми қызметкері;

  • 1986–88 жылдары – Қазақ Энциклопедиясының ғылыми редакторы;

  • 1988–91 жылдары – «Жалын» журналының жауапты хатшысы;

  • 1991–95 жылдары – ҚазМУ аға оқытушысы;

  • 1995–97 жылдары – Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының жауапты қызметкері;

  • 1997–2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі канцеляриясы консультанты, сектор меңгерушісі, бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

  • 2000–2002 жылдары – Астана қаласындағы мәдениет департаменті бастығы;

  • 2002–2003 жылдары – Мәдениет Комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен қоғамдық келісім вице-министрі;

  • 2003–2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі;

  • 2004–2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен спорт вице-министрі;

  • 2006 жылдын мамыр-қыркүйек айларында – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары;

  • 2006–2008 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары;

  • 2008 жылдын сәуір-мамыр – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы аппаратының жетекшісі;

  • 2008-2019 жылдары – Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының президенті.

  • 2019 жылдың шілде айынан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.

Данат Есболұлы Жумин

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары
 

1983 жылы Қостанай облысында туған. 

  • Қостанай бизнес колледжін «Менеджмент және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша, «Болашақ»  бағдарламасы бойынша Монтана университетін (Монтана штаты, АҚШ) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесімен бітірген, Гарвард бизнес мектебінде жоғарғы басшыларды даярлаудың үш жылдық бағдарламасын тәмамдаған. 

  • 2002-2007 жж. мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсене қатысқан. Қазақстан студенттер альянсын басқарған, Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры қызметін атқарған. 

  • 2009-2011 жж. мемлекеттік басқару саласында жұмыс істеді. «Мемлекеттік қызметшілер персоналын басқару бойынша ұлттық орталық» АҚ департамент директоры, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректорының кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының директорының орынбасары болып тағайындалған. Мемлекеттік басқару реформалары жөніндегі Еуропалық комиссияның ұлттық сарапшысы болды. 

  • 2011-2013 жж. «Apex Consult» ЖШС — 2010 жылы құрған стратегиялық маркетингтік коммуникациялар саласындағы консалтингтік агенттіктің бас директоры қызметін атқарды. 

  • 2013-2014 жж. — Хатшылық басшысы – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. 

  • 2014-2016 жж. — «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы. 

  • 2016-2017 жж. — «Apex Consult» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы. 

  • 2017 ж. қараша айынан — «Нұр Отан» партиясының саяси жұмыстар департаменті директорының орынбасары, 2018 ж. — департамент директоры болып тағайындалды. 

  • 2018 жылғы шілде айынан 2019 жылғы тамыз айы аралығында — Шымкент қаласының әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және инвестициялар, ауыл шаруашылығы, туризм, цифрландыру мәселелеріне жетекшілік етті. 

Асқар Серікжанұлы Жәкенов

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары

1975 жылы 13 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және «Қайнар» университетін тәмамдаған.
 

  • 1998-1999 жылдары — Қарағанды қаласындағы «Каргормаш-ИТЭКС» ЖТАҚ сыртқы экономикалық байланыстар, кеден ісі және банк бойынша жетекші маман. 

  • 1999-2002 жылдары — ҚР Әділет министрлігінде жетекші маман, бас маман, басқарма басшысы. 

  • 2002-2003 жылдары — ҚР Әділет министрлігі басқарма басшысының орынбасары.

  • 2003-2004 жылдары — ҚР Әділет министрлігі басқармасының басшысы.

  • 2004-2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

  • 2012-2013 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

  • 2013-2019 жылдары — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

Айдын Мейрамбекұлы Кәрімов 

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары

1988 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ қаржы-экономика академиясын, КАЗГЮУ университетін тәмамдаған. 

  • Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. 

  • Түрлі жылдары ҚР ТЖМ «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау» РМК, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық сүйемелдеу орталығы» РМК жұмыс істеген.

  • 2010-2011 жылдары — Астана қ. әкімінің аппаратында ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі.

  • 2011-2012 жылдары — Семей қаласы әкімінің көмекшісі. 

  • 2012-2013 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу департаментінің ЕурАзЭҚ және Кеден одағы қызметі мәселелері жөніндегі басқармасының бас сарапшысы;

  • 2013-2014 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция департаментінің Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы Шешімдерді талдау және мониторинг басқармасының бас сарапшысы;

  • 2014 жылы — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция департаментінің ЕурАзЭҚ және Кеден одағы қызметі мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы;

  • 2014-2015 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция департаментінің ЕурАзЭҚ және Кеден одағы қызметі мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы;

  • 2015-2016 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары;

  • 2016-2017 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

  • 2017-2019 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі – ҚР Премьер-Министрінің хаттама шефі.

  • 2019 жылдың сәуір айынан 2019 жылдың қараша айына дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды. 

Олжас Мұхтарұлы Смағұлов

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары

1989 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Америкалық құрлықаралық университетін, Калифорния мемлекеттік политехникалық университетін, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, Лондон экономика және саясаттану ғылымдары мектебін тәмамдаған.

  • Еңбек жолын 2013 жылы бастаған. 

  • Түрлі жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының бас маманы, Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы қызметтерін атқарған. 

  • 2015-2017 жылдары — Ақтөбе облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары;

  • 2017-2018 жылдары — Ақтөбе облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

  • 2018-2019 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 

Арыстан Кенжетайұлы Қабыкенов 

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары

1980 жылы 11 қазанда Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, КИМЭП, Ноттингем университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

  • 2001-2004 — жеке компанияда қаржы директоры;

  • 2004-2006 — ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында қазынашы маман, маман, жетекші маман;

  • 2006-2007 — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Жиынтық-талдау бөлімінің бас сарапшысы;

  • 2007-2008 — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі;

  • 2008-2011 — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі;

  • 2011-2013 — ҚР Президентінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары;

  • 2013-2014 — ҚР Өңірлік даму министрлігінің жауапты хатшысы;

  • 2014-2015 — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары;

  • 2015-2016 — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары;

  • 2016-2018 — Жапониядағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі;

  • 2018-2019 — ҚР инвестициялар және даму вице-министрі;

  • 2019 жылғы наурыздан 2020 жылғы ақпан аралығында — Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың стратегиялық бастамаларын және
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған жаңа күн тәртібін әзірледі.

Үкіметтің жаңа күн тәртібін тиімді іске асыру мақсатында БАӘ, Малайзия және Ұлыбритания сияқты елдердің үздік халықаралық тәжірибелері негізінде Үкіметтің Жобалық офисі құрылды.

Үкіметтің Жобалық офисі қызметінің негізгі артықшылықтары негізгі ұлттық сын-қатерлерге назар аудару, артық бюрократиясыз шешімдер қабылдау мүмкіндігі, икемді ұжымдық жоспарлау, сценарийлік болжау және т. б. болып табылады.

Үкіметтің Жобалық офисінің негізгі міндеттері Үкіметтің жаңа күн тәртібіндегі шараларды әзірлеу мен іске асыруға бақылауды жүзеге асыру және мониторинг жүргізу, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты мен Қазақстанның экономикалық өсуіне әсер ететін жаңа шараларды әзірлеу болып табылады.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

  • Үкімет тағайындайтын немесе Премьер-Министрмен келісу бойынша тағайындалатын лауазымдардың тізбесіне кіретін кадрлармен және Кеңсенің кадрларымен жұмыс жүргізу;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласының жалпы саясатын қалыптастыру және кешенді дамыту мәселелері;
  • Премьер-Министрді, Үкіметті және Кеңсені мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуге қатысу;
  • мемлекеттік қызметті жетілдіру және мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент, Үкімет пен Премьер-Министр актілерінің, Кеңсе шешімдерінің жобаларын қарау;
  • Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Президент, Үкімет пен Премьер-Министр шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
  • Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының қызметін ұйымдық, ақпараттық-талдамалық, консультативтік қамтамасыз ету.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі

Амангүл Құмарбекқызы Ыбыраева

1968 жылы Семей облысында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын тәмамдаған. London School of Economics (Ұлыбритания), Duke University (АҚШ) қайта даярлаудан өтті.

1994-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің инспекторы, бас инспекторы, референті, бас референті, консультанты, бас сарапшысы болып қызмет еткен.

2007-2012 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі, Бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2012-2013 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2013-2019 жылдары — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшылығы Хатшылығының меңгерушісі.

2019 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

Баспасөз қызметінің негізгі міндеттері мен функциялары: 

1. Премьер-Министрдің және Үкіметтің жұмысын жариялау мақсатында отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл орнату: 

  • Премьер-Министрдің, Үкімет пен Кеңсенің жұмысы туралы ресми ақпаратпен БАҚ-ты жедел қамтамасыз ету, баспасөз хабарламаларын және басқа да ақпараттық және түсіндіру материалдарын БАҚ-та тарату;
  • Үкімет қаулыларын, Премьер-Министрдің өкімдерін және жариялануы тиіс басқа да құжаттарды БАҚ-та жариялау;
  • Премьер-Министрдің, Премьер-Министрдің орынбасарларының, Үкімет мүшелерінің баспасөз конференциялары мен брифингтерін өткізу;
  • деректердің ақпараттық банкін құру, Премьер-Министрдің, Үкіметтің және Кеңсенің жұмысын көрсететін баспа, аудио, видео өнімдерді, анықтамалық басылымдарды, ақпараттық материалдарды басу және шығару (тиісті мекемелермен бірлесіп); 
  • Премьер-Министрдің ресми ақпараттық ресурсы редакциясының және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларының жұмысын үйлестіру; 
  • журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдерін аккредиттеу, Премьер-Министрдің жұмысына қатысты мәселелер бойынша ақпаратты толығырақ және кеңінен тарату үшін оларға қолдау көрсету. 

2. Премьер-Министрдің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету.

  • БАҚ-та жариялау және тарату үшін мақалалар, сұхбаттар мәтіндері мен ҚР Премьер-Министрінің басқа да материалдарын дайындау; 
  • Премьер-Министрдің қызметі туралы БАҚ-та жарияланған материалдарды жедел жинау және негізгі месседждерді жариялау бойынша   экспресс-дайджест ұсыну;
  • Премьер-Министрдің жұмысы туралы фото-, видеоөнімдер дайындау,  оның ішінде өңірлер мен шетелдерге жұмыс сапарларына шолулар әзірлеу;
  • Премьер-Министрдің жұмысының мультимедиялық мұрағатын жүргізу.

3. Премьер-Министр мен Үкіметтің жұмысын БАҚ-та жариялау мәселелерінде мемлекеттік саясатты іске асыру

  • Тұңғыш Президент – Елбасының, Президенттің Үкіметке берген тапсырмаларын, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар мен басқа да реформаларды ақпараттық қамтамасыз ету бойынша орталық және жергілікті органдармен өзара іс-қимыл орнату; 
  • Үкімет жұмысын БАҚ-та жариялау бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің жұмысын үйлестіру; 
  • шетел мемлекеттерінің Баспасөз қызметтерімен (немесе олардың функциясын орындайтын құрылымдарымен) ресми ақпарат алмасу.


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің басшысы

Нұрланова Зарина Нұрланқызы

1986 жылы 12 желтоқсанда Талдықорған қаласында туған.  2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Әлеуметтану» мамандығы бойынша, 2017 жылы ‒ ҚазМЗУ және UBIS университетін «Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша бітірген.

2009-2011 жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеді. 

2011-2018 жж. «Қазконтент» АҚ құрылымында медиа жобалар бойынша атқарушы, басқарушы директор, басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды. 

2018 жылы Еуразиялық интеграция институтын басқарды. 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің басшысы қызметіне тағайындалғанға дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі болып қызмет етті. 

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз хатшысы

Әкіжанов Садық Санатұлы

1984 жылы Павлодар қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Түрлі жылдары ҚР Президенттік мәдениет орталығының «Президенттік институтының» ғылыми қызметкері, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің бас сарапшысы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық экологиялық аудиторлар палатасы» кәсіби аудиторлық ұйымының БАҚ-пен байланыс және экономикалық мәселелер жөніндегі менеджері, «Қазақпарат» ХАА тілшісі болып қызмет атқарды. 

2014-2019 жж. «Қазақпарат» ХАА-ның Пекиндегі (ҚХР) тілшілер қосынын басқарды. 

Өкілдік Үкіметтің заңнамалық бастамаларын іске асыруға қатысады, депутаттардың талқылауы барысында Үкіметтің ресми позициясын ұстанады және үкіметтік және өзге де заң жобаларын Парламентте қарау барысында уәкілетті мемлекеттік органдардың Үкімет Регламентінің талаптарын орындауы бойынша бақылауды жүзеге асырады.

Өкілдік Парламентте мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмыстарын мониторингінің қорытындысы бойынша Үкімет енгізген заң жобаларының, басқа да заңдар жобаларының өтуі және Парламент қарап жатқан және Үкіметтің қызметіне қатысы бар өзге де мәселелер туралы Премьер-Министрді, оның орынбасарларын және Кеңсе Басшысын жүйелі түрде хабардар етеді.

Өкілдік Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Үкімет мүшелерінің Парламент палаталарының пленарлық (бөлек) және бірлескен отырыстарына қатысуын және сөйлеуін, олардың депутаттармен және олардың бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарын жүргізеді.

Өкілдік Парламентте қарастыратын Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда Үкіметтің заңнамалық бастамасын іске асыру және басқа да мәселелер бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне ақпарат береді және Кеңсені Қазақстан Сенат және Мәжіліс аппараттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі Өкілі 

 

Ермек Әмірханұлы Аманшаев

1963 жылы 12 наурызда ҚазКСР-да туылған. 

Еңбек өтілі:

  • 1979 жылы – Маңғыстау облысындағы Ералиев поселкісіндегі орта мектеп оқытушысы.
  • 1985–86 жылдары – Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейінің ғылыми қызметкері;
  • 1986–88 жылдары – Қазақ Энциклопедиясының ғылыми редакторы;
  • 1988–91 жылдары – «Жалын» журналының жауапты хатшысы;
  • 1991–95 жылдары – ҚазМУ аға оқытушысы;
  • 1995–97 жылдары – Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының жауапты қызметкері;
  • 1997–2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі канцеляриясы консультанты, сектор меңгерушісі, бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
  • 2000–2002 жылдары – Астана қаласындағы мәдениет департаменті бастығы;
  • 2002–2003 жылдары – Мәдениет Комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен қоғамдық келісім вице-министрі;
  • 2003–2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі;
  • 2004–2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен спорт вице-министрі;
  • 2006 жылдын мамыр-қыркүйек айларында – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары;
  • 2006–2008 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары;
  • 2008 жылдын сәуір-мамыр – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы аппаратының жетекшісі;
  • 2008-2019 жылдары – Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының президенті.
  • 2019 жылдың шілде айынан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.

Жиынтық-талдау бөлімінің негізгі міндеттері мен функциялары:

  • Үкімет отырыстары мен Премьер-Министр кеңестеріне мәліметтерді жинақтау және талдау;
  • Премьер-Министрдің тезистерін, баяндамаларын, алғысөздерін дайындау;
  • шолу және талдау материалдарын жазу.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Жиынтық-талдау бөлімінің меңгерушісі

Дмитрий Сергеевич Глухих 

1974 жылы 19 сәуірде ҚазКСР Целиноград қаласында туған. 1996 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.

«Есіл», «Столичный проспект», «Нива», «Азамат times», «Вечерняя Астана» газеттерінде, «Хабар» Агенттігі» АҚ-да журналист болып жұмыс істеген.

1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.

2005 жылдан бастап Ақпараттық және парламентаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметінің жетекшісі болды.

2007 жыл — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Жиынтық-талдау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.

 

Заң бөлімінің негізгі міндеті — Премьер-Министрдің, Үкімет пен Премьер-Министр Кеңсесінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету. 

Заң бөлімінің жұмысының негізгі бағыттары:

  • Премьер-Министрдің, Үкімет пен Премьер-Министр Кеңсесінің шешімдерінің жобаларын олардың қолданыстағы заңнамаға және заң техникасы ережелерін сақтауға сәйкестігіне қарастыру;
  • олардың резолюциясы, жауаптары мен хаттамалық шешімдерінің жобасын келісу;
  • Кеңседе қарастырылатын құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша кеңес беру және қорытынды ұсыну;
  • Үкіметтің Заң жобалау жұмыстарының жоспарының орындалуына бақылау жүргізу және заңнамамен белгіленген басқа да функцияларды іске асыру.

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі

Есқараев Азамат Несіпбайұлы 

1979 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданының ДЭЗ-2 жұмысшы болып бастады. 

1996-2000 жылдары Қазақ мемлекеттік құқық академиясында оқуын коммерциялық сауда объектілеріндегі жұмыспен ұштастырды. 

Мерзімді еңбек шарты бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің жетекші маманы (21.21.2000 – 11.29.2000). Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің жетекші маманы (30.11.2000 – 11.11.2001). 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бас маманы (11.12.2001 – 06.06.2002). Заң актілерінің жобаларын сараптау және дайындау департаменті басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаменті бөлімінің басшысы (28.06.2002 – 06.09.2003). 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің өңдеу өнеркәсібі саласындағы заңнамаға сараптама бөлімінің басшысы (10.06.2003 – 08.08.2003). Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаменті бөлімінің басшысы (08.09.2003 – 21.12.2003). 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің басшысы (22.12.2003 – 02.02.2005). Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы (2005-2006). «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ заң қызметтері департаментінің бас менеджері (2006-2007). 

Жеке еңбек шарты бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты (03.05.2007 - 03.03.2007). Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманының міндетін атқарушы (28.03.2007 – 23.07.2007). Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы (07.24.2007 – 07.24.2007).

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің көмекшісі (07.2007-2008). Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры (2008-2009). 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры (2009-2014). Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2014-2019). Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі (26.07.2019 ж. бастап).

Өңірлік даму бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:

  • бөлім құзыреті шегінде Үкімет отырыстарына, Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының қатысуымен өтетін кеңестерге құжаттар мен материалдардың жобаларын дайындау;
  • өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері бойынша Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының жұмысын (қызметін) қамтамасыз ету;
  • Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының өңірлерге жұмыс сапарларын дайындау, олардың қорытындылары бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
  • облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің Премьер-Министрдің Кеңсесімен, оның құрылымдық бөлімшелерімен, орталық мемлекеттік органдармен Өңірлік даму мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіру және қамтамасыз ету;
  • өңірлерде жедел жағдай, экономикалық, әлеуметтік, төтенше және өзге де жағдайлар туралы Премьер-Министрді, Премьер-Министрдің орынбасарларын ақпараттық қамтамасыз ету.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі

Ерхан Болатжанұлы Омаров

1979 жылы Ақтөбе облысында туған. Қазақ көлік және коммуникация академиясын және Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

2001-2005 жылдары — Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты әртүрлі лауазымдарды атқарған, Ақтөбе қаласының «Тазалық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының «Ремсервис» ЖШС басқарған;

2005-2006 жылдары — Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мемлекеттік басқармасы бастығының орынбасары;

2006-2008 жылдары — Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесінің бастығы;

2008-2011 жылдары — Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары;

2011-2012 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары;

2012 жылы Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды;

2012-2015 жылдары — Ақтөбе қаласының әкімі;

2015-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы;

2016-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары;

2017 жылғы 10 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Экономикалық бөлімнің негізгі міндеттері:

  • мемлекеттік жоспарлау және басқару жүйесін, мемлекеттік статистика жүйесін қалыптастыру және дамыту, макроэкономикалық болжамдау және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын талдау;
  • мемлекеттік органдардың қызметін бағалау жүйесін дамыту;
  • мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарлардың, Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасының, өңірлердің әкімдері мен Үкімет мүшелері арасындағы меморандумдардың, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің орындалуын мониторингілеу және бағалау;
  • бюджет саласы, үш жылдық кезеңге (оның ішінде кезекті қаржы жылына арналған) республикалық бюджетті қалыптастыру және атқару, бюджетаралық қатынастар, еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру (мемлекеттік қызметшілер), шығындарды жоспарлау үшін қажетті лимиттерді, нормалар мен нормативтерді бекіту, мемлекеттік органдар туралы ережелерді бекіту;
  • салық және кеден саласы, трансферттік баға белгілеу, акцизделетін өнімдердің өндірісі мен айналымын реттеу, бухгалтерлік есеп, аудит және ҚЕХС енгізу, квазимемлекеттік секторды мемлекеттік сатып алу және сатып алу, Үкімет өкілеттілігі шеңберінде қаржы мониторингі;
  • мемлекеттік меншік, табиғи монополиялар, антимонополиялық реттеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік салаларында тарифті қалыптастыру;
  • Үкімет өкілеттілігі шеңберінде банк саласы, валюталық реттеу, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру қызметі, Ұлттық қор, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;
  • Үкіметтің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттіктің, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының іс-шараларын үйлестіру сұрақтарына қатысты Премьер-Министрдің, Үкіметтің және Премьер-Министр Кеңсесінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Экономикалық бөлімінің меңгерушісі

Аман Сайлаубекұлы Бәрекенов

1985 жылы Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, Қаржы академиясы экономика ғылымдарының магистрі дәрежесі бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы бастаған.

2008 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есепті, аудиторлық қызметті және қаржылық бақылауды дамыту департаментінің Кәсіби және аудиторлық ұйымдармен өзара іс-қимыл басқармасының сарапшысы болып жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік әдіснамасы, аудиторлық қызмет департаментінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2012-2016 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі қызметін атқарды.

2017 жылғы наурыздан бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің сектор меңгерушісі.

2017 жылғы тамыздан бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2018 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2019 жылғы сәуірден бастап — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары:

  1. Міндет: жетекшілік ететін салаларда Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерін дайындау және орындау процесінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру.

Функциялары:

  1. Үкімет пен Премьер-Министрдің телекоммуникация және байланыс, радиожиілік спектрін, цифрлық телехабар таратуды (техникалық бөлігі) және интернет желісін дамыту, «электрондық үкіметті» дамыту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру (ХҚКО), пошта саласын және пошта-жинақтау жүйесін дамыту, экспорттық бақылау, автожолдарды дамыту, жер қатынастары саясаты, жер ресурстарын басқару, геодезия және картография салаларына қатысты мәселелер жөніндегі шешімдерін талдау, мониторинг жасау және дайындау;
  2. Үкімет пен Премьер-Министрдің электр және жылу энергетикасын, ядролық (атом) энергетиканы, жаңартылатын энергия көздерін, атом, уран өнеркәсібін дамыту салаларына қатысты мәселелер жөніндегі шешімдерін талдау, мониторинг жасау және дайындау;
  3. Үкімет пен Премьер-Министрдің геологиялық саланы дамыту, жер қойнауын пайдалану және тау-кен металлургия саласын дамыту, арнайы экономикалық аймақтарды, индустриалды-инновациялық аймақтарды дамыту, жергілікті қамту, энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, көмір өнеркәсібі және дәстүрлі емес газ салаларына қатысты мәселелер жөніндегі шешімдерін талдау, мониторинг жасау және дайындау;
  4. Үкімет пен Премьер-Министрдің азаматтық авиацияны дамыту, су және автомобиль көлігі, теміржол саласын дамыту, көліктік бақылау, автожол саласын, көлік логистикасын дамыту салаларына, ортақ саясатты әзірлеуге қатысты мәселелер жөніндегі шешімдерін талдау, мониторинг жасау және дайындау;
  5. Үкімет пен Премьер-Министрдің ауыл шаруашылығын, орман шаруашылығын, жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін, туризм мен су шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі шешімдерін талдау, мониторинг жасау және дайындау;
  6. Үкімет пен Премьер-Министрдің индустриялық және инновациялық саясат, ғарыш қызметі, өңдеу өнеркәсібінің жеңіл және басқа да салалары, мұнай-газ өнеркәсібі, мұнай-химия және химия өнеркәсібі, алтын өндіру өнеркәсібі және машина жасау салаларына қатысты мәселелер жөніндегі шешімдерін талдау, мониторинг жасау және дайындау;
  7. Үкімет пен Премьер-Министрдің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, құрылыс индустриясы, тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларына қатысты мәселелер жөніндегі шешімдерін талдау, мониторинг жасау және дайындау;
  8. Үкімет пен Премьер-Министрдің техникалық реттеу және метрология, қоршаған ортаны қорғау, қатты тұрмыстық қалдықтар, «Жасыл көпір» серіктестігі, Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға өтуі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ корпоративтік басқаруын дамыту мен қазіргі қызметі салаларына қатысты мәселелер жөніндегі шешімдерін талдау, мониторинг жасау және дайындау;
  9. Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және АӨК, тау-кен металлургиясы, геология, электр энергетикасы және атом салалары тұрғысынан индустрияландыру, көлік инфрақұрылымы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Цифрлық Қазақстан», «Өнімділік 2020» бағдарламаларын, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын, мемлекеттік және басқа да бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
  10. прокурорлық жауап қату актілерін қарау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау туралы мемлекеттік органдарға тапсырмалар дайындау.

 

  1. Міндет: Премьер-Министрдің, Үкімет пен Кеңсе басшылығының қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.

Функциялары:

  1. Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмасы бойынша заң жобалары, Президенттің, Үкімет пен Премьер-Министрдің актілері, Кеңсе басшысының бұйрықтарының жобалары және басқа да актілер жобалары бойынша қорытындылар (ұсынымдар) дайындайды және қарастырады, Үкімет пен Премьер-Министр шешімдерінің жобаларының қаржылық-экономикалық, құқықтық және басқа да аспектілеріне сараптама жүргізеді, оның нәтижелері бойынша қорытынды Премьер-Министрге, оның орынбасарларына және Кеңсе басшысына тиісті құжаттарға қол қою немесе келісу туралы шешім қабылдаған кезде ақпараттық-ұсынымдық сипатқа ие;
  2. Премьер-Министрмен, оның орынбасарларымен, Кеңсе басшысымен Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша, вице-министрлерден (агенттік төрағаларының орынбасарларынан) төмен емес лауазымдарды атқаратын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын шақырумен өтетін кеңестерді өткізуді ұйымдастырады;
  3. заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарайды және олар бойынша қорытындылар мен ұсыныстар береді.
  4. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді және Үкімет пен Премьер-Министрдің өзге де актілерін іс жүзінде орындау мен қолдануды талдауға қатысады;
  5. тиісті бағдарламалық құжаттардың орындалу барысы туралы Үкіметтің Қазақстан Республикасы Президентіне баяндамаларын дайындауға қатысады;
  6. Мемлекет басшысының Үкіметке берген актілері мен тапсырмаларының, Үкімет пен Премьер-Министрдің шешімдерінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе басшысы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындау мерзімдерін бақылайды;
  7. Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмалары бойынша өзге де мәселелер.

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі

Ғазиз Қоршабекұлы Шыналиев

1960 жылы 1 мамырда Қазақ КСР Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Түрксіб ауылында дүниеге келген. 1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 1994 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын тәмамдаған.

1977-1978, 1980-1981 жылдары «Поршень» Алма-Ата зауытының 2-санаттағы жартылай автоматты токарі болып жұмыс істеді.

1986-1992 жылдары — жұмысшы, шебер, аға шебер, 1-санаттағы инженер-технолог және «Қаратау» өндірістік бірлестігінің байыту фабрикасы бөлімінің бастығы.

1994-1995 жылдары — Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппаратының Мемлекеттік басқару басқармасының аға референті.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппаратының Өнеркәсіптік саясат және сауда бөлімінің аға референті болып қызмет атқарған.

1995-1996 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі.

1996 жылы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі.

1996-1997 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі.

1997 жылы — Энергетика және табиғи ресурстар министрінің көмекшісі, даму бағдарламаларының жетекшісі.

1997-1998 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Сараптамалық-талдау бөлімінің консультанты.

1998-1999 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Қаржы-экономикалық сараптама бөлімінің консультанты.

1999-2000 — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Өндіріс бөлімінің консультанты.

2000-2001 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі өндіріс секторының меңгерушісі.

2001 жылы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі өндірістік сфера және инфрақұрылым секторының меңгерушісі.

2001-2007 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық бөлімі бастығының орынбасары.

2007-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының заңдарының жобалары, Президент, Үкімет пен Премьер-Министр актілері, Кеңсе Басшысының бұйрықтарының жобаларын қарастыру және солар бойынша тиісті қорытындыларды әзірлеуді ұйымдастырады;
  • Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының Бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша хаттамалық кеңестерді ұйымдастырады және өткізеді;
  • депутаттық сауалдар, депутаттардың хаттары, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің ұсыныстары мен қаулылары, сондай-ақ прокурорлық жауап актілері бойынша мәселелерді қарастыру және Үкіметтің жауаптарын әзірлеуді ұйымдастырады;
  • депутаттық сауалдарға, депутаттардың хаттарына, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің ұсыныстары мен қаулылары, сондай-ақ анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдаумен прокурорлық жауап қату актілері бойынша мәселелерді қарастырады және жауаптарды әзірлеуді ұйымдастырады;
  • Президенттің, Үкімет пен Премьер-Министрдің нормативтік құқықтық актілері мен басқа да актілерінің орындалуына Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сараптама жүргізеді;
  • Президенттің актілері мен тапсырмаларының, Үкімет пен Премьер-Министр актілерінің, Үкімет отырыстарының хаттамалық шешімдерінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысының тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізеді;
  • заңнамада белгіленген тәртіп бойынша Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша өтінімдерін қарастырады және олар бойынша өз қорытындысы мен ұсыныстарын береді;
  • Премьер-Министрдің, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысының Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша жұмысын ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз етеді.

Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімінің негізгі міндеттері мен функциялары

  1. Премьер-Министрдің, Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының және орынбасарларының қызметін халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету.
  • халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Үкіметтің және ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшылығының кездесулері мен жиналыстарына ақпараттық талдау материалдарын (сұхбат тезистерін, анықтамаларды, өмірбаяндық мәліметтерді) дайындау;
  • Премьер-Министр және оның орынбасарларының халықаралық кездесулері мен келіссөздерін ұйымдастыру;
  • Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының халықаралық қызметін қамтамасыз ету үшін дипломатиялық қарым-қатынастары бар шетелдік елдердің саяси және экономикалық жағдайы, халықаралық келісім-шарттар мен келісімдердің орындалу барысы, шетелдік елдермен ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссиялардың жұмысы, сондай-ақ басқа да мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық туралы талдау ақпаратын дайындау;

 

  1. Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Президенттің, Үкіметтің және Премьер-Министрдің актілерінің, бағдарламалық құжаттарының орындалу барысын бақылау.
  • Бөлімнің құзыретіне кіретін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) ұлттық жоспарын іске асыруда мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруге қатысу;
  • мемлекеттік органдар ұсынған заң жобаларын, халықаралық шарттарды, Президенттің, Үкіметтің және Премьер-Министрдің актілерін қарау және Бөлімнің құзыреті шеңберінде олар бойынша тиісті материалдарды дайындау;
  • шет мемлекеттермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруге қатысу;
  • Үкімет пен Кеңсе басшылығына орындалу барысы туралы тиісті ақпарат бере отыра мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді, Президенттің, Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмаларын, Үкімет отырыстарының, Бөлімнің құзыретіне қатысты халықаралық мәселелер бойынша жиналыстардың хаттамалық шешімдерін орындауын бақылау;
  • сыртқы сауда саясатын дамыту, инвестициялар, экспорт, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Үкімет пен Премьер-Министрдің шешімдерін талдау, мониторингілеу және дайындау.

 

  1. Бөлімнің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға қатысуы аясында құжаттар мен шешімдердің орындалуын бақылау.
  • тапсырмалардың, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және Үкімет пен Кеңсе басшылығының халықаралық дипломатиялық сипаттағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық ұйымдардың тиісті органдарымен хат-хабарларын дайындау;
  • Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық ұйымдардың шеңберіндегі шешімдердің орындалуын бақылауды іске асыруға қатысу.

 

  1. Премьер-Министрдің қатысуымен халықаралық сипаттағы іс-шараларды ұйымдастырушылық және протоколдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оның халықаралық хат алмасуын іске асыру.
  • халықаралық кездесулер, келіссөздер, Премьер-Министрдің шетелдік сапарлары мен ел ішіндегі іссапарлары, сондай-ақ оның халықаралық конференцияларға, мәжілістерге, форумдарға, саммиттерге, симпозиумдарға, семинарларға, көрмелер мен жәрмеңкелерге және т.б. қатысуы бойынша ұйымдастырушылық және хаттамалық іс-шараларды пысықтау;
  • мемлекеттік және дипломатиялық протоколдың мәселелері бойынша Премьер-Министрге кеңес беру;

 

  1. Сыртқы істер министрлігінің қызметіне қатысты мәселелерді үйлестіру.
  • Сыртқы істер министрлігінің стратегиялық жоспарын бекітуге байланысты мәселелерді қарау;
  • дипломатиялық өкілдіктерді ашу, штаттық санды ұлғайту мәселелерін қарау;
  • шетелдегі мемлекеттің меншігін (Қазақстан республикасы Сыртқы істер министрлігінің балансындағы шетелдік мекемелер) басқару мәселелерін қарау.

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімінің меңгерушісі

 Олжас Әзілұлы Исабеков

 2019 ж. 18 қарашадағы ҚР Премьер-Министрінің Қаулысымен Олжас Әзілұлы Исабеков ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық  ынтымақтастық және протокол бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

 Кадрлық дипломат. Дипломатиялық мансабын 2000 ж. Қазақстан Сыртқы істер министрлігің Халықаралық  экономикалық ынтымақтастық департаментінен бастаған. Кейін, әр жылдары ҚР СІМ-нің Инвестициялар жөніндегі комитетінің Үшінші және Екінші хатшылары мен Еуропа және Америка департаментінің Екінші хатшысы болып жұмыс істеді.

2004 - 2012 жж. кезеңінде Олжас Исабеков Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі және Америка Құрама Штаттарындағы Елшіліктерінде қызмет атқарды.

2012 жылдан 2013 ж. маусым аралығында «ConocoPhillips Nort Caspian Ltd.» компаниясында Үкіметпен байланыс жөніндегі директоры болып жұмыс істеген.

2013 ж. ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаментінің Директоры болып тағайындалды. Бұл лауазымда 2019 ж. шілдеге дейін жұмыс істеді.

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне тағайындалмас бұрын Олжас Исабеков ҚР СІМ-нің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болған.

Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеттті (Семей қ., 2000 ж.) және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (Мәскеу қ., 2004 ж.) аяқтаған.

Ағылшын және испан тілдерін меңгерген.

Бөлім қызметінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері:

Міндеті — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қорғаныс қабілеттілігі, құқық тәртібі, қылмысқа және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, азаматтық қорғау (өнеркәсіптік қауіпсіздіктен басқа), сондай-ақ, жұмылдыру дайындығы мәселелері жөніндегі қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.

Функциялары — ақпараттық-талдау, статистикалық, анықтамалық және өзге де материалдарды жинақтап, жүйелейді, қорытындысы бойынша жиынтық анықтамалар дайындайды.

Міндеті — инспекциялауды, бағдарламалық құжаттарды, сондай-ақ, Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Кеңсе Басшысының қорғаныс қабілеттілігі, құқық тәртібі, қылмысқа және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, азаматтық қорғау (өнеркәсіптік қауіпсіздіктен басқа), сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мәселелері жөніндегі актілері мен тапсырмаларын іске асыруды қоса алғанда, бақылау және мониторинг.

Функциялары:

  • бағдарламалық құжаттардың, сондай-ақ Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының, Үкіметінің және Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпаратты, оның ішінде инспекциялау шеңберінде қарауды жүзеге асырады, қорытындылар бойынша талдамалық жазбаларды (анықтамаларды) және/немесе қарарлардың жобаларын дайындайды;

  • Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау процесінде Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Міндеті — қорғаныс қабілеттілігі, құқық тәртібі, қылмысқа және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, азаматтық қорғау (өнеркәсіптік қауіпсіздіктен басқа), сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша кіріс хат-хабарлармен және нормативтік құқықтық актілердің жобаларымен жұмыс.

Функциялары:

  • Мемлекеттік органдардың хаттары, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салулары; Парламент депутаттарының сауалдары, Үкімет пен депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындысын беру өтінішімен Парламент Палаталарының өтініштері; прокурорлық қадағалау актілері; республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулылары; азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарайды;
  • мемлекеттік органдар дайындаған заңдардың, Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобалары бойынша қорытындыларды пысықтауды және дайындауды жүзеге асырады;
  • Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының тапсырмалары бойынша Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындайды;
  • прокурорлық қадағалау актілерінің орындалуын үйлестіруді, Премьер-Министр қарарларының жобаларын және прокурорлық қадағалау актілері бойынша Үкімет жауаптарын келісуді, сондай-ақ тиісті заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту бөлігінде Үкіметтің атына жіберілген прокурорлық қадағалау актілерінің орындалуына мониторингті жүзеге асырады.

Міндеті — Ережеге сәйкес жұмылдыру тапсырмасын ескере отырып, Кеңседе және ведомстволық бағынысты ұйымда жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды бейбіт уақытта өткізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі

Олег Анатольевич Федоров

Олег Анатольевич 1963 жылы ҚазКСР Алма-Ата қаласында дүниеге келген. КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. Еңбек жолын 1984 жылы бастады.

Түрлі жылдары әртүрлі лауазымдарды атқарды, соның ішінде ішкі істер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2008-2009 жылдары — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;

2009-2013 жылдары — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі;

2013-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі;

2016-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының кеңесшісі;
2019 жылғы сәуір айынан бастап қазіргі дейін — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі.

Бөлім қызметінің негізгі бағыты — Кеңседе мемлекеттік құпияларды қорғау және құпиялылық режимін қамтамасыз ету.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау және арнайы байланыс түрлері бөлімінің меңгерушісі

Бейбітқали Айткешұлы 

1997 жылғы 15 қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мемлекеттік құпияларды қорғау агенттігінен бастаған. 

2002-2013 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, бас инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары;

2013-2017 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің сектор меңгерушісі; 

2017 жылғы шілде-желтоқсан — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2018 жылғы қаңтардан бастап — Мемлекеттік құпияларды қорғау және арнайы байланыс түрлері бөлімінің меңгерушісі.

 

Қаржы-шаруашылық бөлімінің қызметінің негізгі бағыттары

Қаржы-шаруашылық бөлімі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім өз қызметінде Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Премьер-Министрінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Кеңсе туралы ережені және бөлім туралы ережені басшылыққа алады.

Бөлімнің құрылымын, штат кестесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кеңсе Басшысы бекітеді.

Қаржы-шаруашылық бөлімінің негізгі қызметі:

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметін қаржылық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ ведомство жанындағы мекемелердің қаржылық және бухгалтерлік есептілік қызметін үйлестіру;

Басшылық пен Кеңсе қызметкерлерінің қызметін шаруашылық, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

Үкімет мәжілістеріне, селекторлық және кеңейтілген отырыстарға, осы іс-шараны дайындауға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімдерімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы «Инженерлік-техникалық орталығы» АҚ «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК, «ҰАТ» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және басқа ұйымдардың тиісті қызметтерімен бірге залдарды дайындауды ұйымдастыру;

Басшылық пен Кеңсе қызметкерлерін көлік қызметімен қамтамасыз ету;

Барлық ресми Үкіметтік басылымдарды («Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы», «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» және «Үкімет бюллетені») дайындау және уақтылы шығару және оларды жазылушыларға жеткізілуін бақылау;

Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес бөлімге жүктелген басқа да функционалдық міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.

 

Бөлім меңгерушісі - Мейірбеков Бердібек Қуанұлы

1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін және Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген, экономикалық ғылымдарының кандидаты.

1983-1991 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында Мемлекеттік банк бөлімінде әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

1991-1998 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Таукент кентінде Агромпромбанк филиалының басшысы, «Қазақстан Әлем Банкі» АҚ жетекші экономист, бас экономист, басқарма бастығы, Басқарма төрағасының орынбасары, Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің вице-президенті. 

1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

1999-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі.

2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2014 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары

1. Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысы мен Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың іс жүргізу және мұрағат ісін ұйымдастыру мен жетілдіру жөніндегі жұмысын үйлестіру.

  • Үкіметтің іс жүргізуін ұйымдастырады және алып жүреді, құпия хат-хабарды қоспағанда, қызметтік хат-хабарды өңдеуді және Үкімет басшылығы мен ПМК құрылымдық бөлімшелерінің назарына уақытылы жеткізуді жүзеге асырады;
  • Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
  • құжат айналымын қысқарту және оңтайландыру, заманауи ақпараттық технологияларды, іс жүргізудің тиімді нысандарын енгізу жөніндегі шаралар қабылдайды;
  • өз құзыреті шегінде Үкімет Регламентінің, Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • Кеңсе істерінің номенклатурасын әзірлеуді үйлестіреді, Кеңсенің архивтік қорын қалыптастырады, құпия құжаттарды қоспағанда, құжаттар түпнұсқаларының ведомстволық архивте ағымдағы архивтік сақталуын ұйымдастырады;
  • «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесіне қатысты уәкілетті орган функцияларын жүзеге асырады;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды, жүйелендіруді жүргізеді, олардың уақытылы қаралуын бақылауды ұйымдастырады;
  • тоқсан сайынғы қабылдау кестесін қалыптастыру жөніндегі жұмысты және Кеңсенің лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастырады;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі отырыстарының күн тәртібін және оларға материалдар дайындауды ұйымдастырады, сондай-ақ отырыстар залын дайындау жөніндегі техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қатысады;
  • Үкімет отырысына дауыс беру үшін шығарылатын қаулы жобаларының тізбесін қалыптастырады;
  • Үкімет шешімдері мен Президент актілерінің жобаларын тіркеуді, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне тиесілілігі бойынша беруді және бақылауға қоюды қамтамасыз етеді.

2. Мемлекет басшысы мен Президент Әкімшілігінің актілері мен  Үкіметке берген тапсырмаларының, Үкімет пен Премьер-Министр шешімдерінің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы мен оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылау.

  • Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің актілері мен   тапсырмаларын, Үкімет пен Премьер-Министр актілерін, Премьер-Министр мен оның орынбасарларының тапсырмаларын, Үкімет отырыстарының, Кеңсе Басшысы мен оның орынбасарларының хаттамалық шешімдерін, Бас прокуратура мен Есеп комитетінің актілерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;
  • заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің уақытылы қабылдануын мониторингтеуді қамтамасыз етеді;
  • Премьер-Министрде өтетін апта сайынғы аппараттық кеңестерге, Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының орынбасарында өтетін апта сайынғы кеңестерге, жетекшілік ететін Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының орынбасарында өтетін ай сайынғы кеңестерге орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы материалдар дайындауды қамтамасыз етеді;
  • орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылығы өткізетін кеңестер санын мониторингтеуді қамтамасыз етеді.

3. Мемлекеттік тілде іс жүргізуді кезең-кезеңімен енгізу.

  • Кеңсеге енгізілген, оның ішіндегі құпия сипаттағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жобаларының, Мемлекет басшысына, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына жолданатын жауаптардың, Парламент депутаттарының заң жобаларына берген түзетулеріне Үкімет қорытындылары жобаларының, Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен кеңестер мен отырыстардың хаттамалары жобаларының мәтіндеріне лингвистикалық сараптама жүргізеді;
  • Премьер-Министрдің қол қоюына енгізілетін, оның ішінде құпия сипаттағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жобалары мәтіндерінің теңтүпнұсқалығын, олардың мемлекеттік және ресми тілдер қағидаларының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
  • басшылыққа нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тілде әзірлеу сапасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
  • Үкімет отырыстарында, Премьер-Министрдің төрағалығымен өтетін кеңестерде ілеспе аударма жасауды қамтамасыз етеді;
  • Мемлекеттік терминология комиссиясының отырыстарына қатысады;
  • Әділет министрлігінің Лингвистикалық сараптама институтымен, Президент Әкімшілігінің, Парламент палаталарының құрылымдық бөлімшелерімен өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
  • Кеңсе қызметкерлерін мемлекеттік тілдегі терминдерді бірізді қолдану мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырады.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі 

Гүлнар Амангелдіқызы Жәутікова

1972 жылғы 24 тамызда Ақмола облысында туған.

«Тарих және құқық» мамандығы бойынша Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, «юриспруденция» мамандығы бойынша Еуразия гуманитарлық институтын бітірген.

1994-2006 жылдары — Ақмола облысының және Астана қаласының білім беру ұйымдарында тарих және құқық пәндерінің мұғалімі, мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары.

2006-2014 жылдары — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бас маманы, бас сарапшысы, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары.

2014 жылдары — қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі. 

Бекітемін

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Кеңсесінің Басшысы

             _______ Ғ.Т. Қойшыбаев

2020 жылғы « 27 » наурыз

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде бөлім меңгерушілерінің, олардың орынбасарларының және Өңірлік даму бөлімі бас инспекторларының

2020 жылғы II тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау

КЕСТЕСІ

 

Қабылдау өткізетін адамның тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы

Қабылдайтын күні

Хамитова Зағифа Әбжәлелқызы

Кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары

1 сәуір

Ғазалиев Аскар Арыстанұлы

Бас инспектор

3 сәуір

Байменов Ержан Мерекеұлы

Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары

8 сәуір

Таутеев Ауесбек Зпашұлы

Бас инспектор

10 сәуір

Сәрсенбина Айнаш Тлеулесқызы

Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары

15 сәуір

Түкібаев Сәкен Ғалымұлы

Бас инспектор

17 сәуір

Магузумов Аян Еранұлы

Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары

22 сәуір

Сәдуақасов Тимур Хабдоллаұлы

Бас инспектор

24 сәуір

Сапарғалиев Талғат Болатұлы

Экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары

29 сәуір

Қожахметов Асхат Маратұлы

Мемлекеттік құпияларды қорғау және арнайы байланыс түрлері бөлімі меңгерушісінің орынбасары

6 мамыр

Қарақұлова Сәулем Шапайқызы

Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары

13 мамыр

Қалыбеков Қанат Темірбекұлы

Бас инспектор

15 мамыр

Кемел Нұрсұлу Мырзагелдіқызы

Әлеуметтік-мәдени бөлімі меңгерушісі

20 мамыр

Сәтбаев Рыскелды Ахметқалиұлы

Бас инспектор

22 мамыр

Әбдіхалық Абзал Жомартұлы

Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары

27 мамыр

Нұртаза Серік Жансейітұлы

Бас инспектор

29 мамыр

Сыдықов Архат Ардақұлы

Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары

3 маусым

Түкібаев Сәкен Ғалымұлы

Бас инспектор

5 маусым

Сапанов Дархан Бақытжанұлы

Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары

10 маусым

Сәдуақасов Тимур Хабдоллаұлы

Бас инспектор

12 маусым

Шонов Асет Багдатұлы

Экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары

17 маусым

Сарсенбаев Ерегельды Касанбайұлы

Бас инспектор

19 маусым

Хамитова Зағифа Әбжәлелқызы

Кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары

24 маусым

Қабашев Сәкен Сағынғалиұлы

Бас инспектор

26 маусым

 

Қабылдау сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі

Өндірістік қажеттілікке байланысты азаматтарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдарды ауыстыруға рұқсат етіледі

 

Кеңсенің заңды мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 6, «Үкімет үйі». 

Жалпы хат-хабар мәселелері бойынша байланыс телефоны: 74-54-02 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салулары бойынша байланыс телефоны: 75-01-13



Жаңалықтар тізбегі
14 Шілде 2020, 13:12
2020 жылы электрондық еңбек биржасы арқылы 281 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты
14 Шілде 2020, 12:54
Індет кезінде Қазақстанда 22 млн астам электронды қызмет көрсетілді - ЦДИАӨМ
14 Шілде 2020, 12:46
Қазақстанда суармалы жерлер көлемін 2030 жылға дейін 3 млн га жеткізу жоспарланған
14 Шілде 2020, 12:17
Қазақстанда импорттаушы елдер нарығына егжей-тегжейлі шолумен «экспорттық гидтер» типтік жүйесін енгізу жоспарлануда — ҚР АШМ
14 Шілде 2020, 12:02
2020 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,8%-ға өсті — ҚР ИИДМ
14 Шілде 2020, 11:33
2020 жылы инфляцияны 8-8,5% дәліз шегінде ұстап тұру үшін Ұлттық банк қолда бар құралдарды пайдаланады
14 Шілде 2020, 11:07
Іссапарлар мен өкілдік шығындарды қысқарту — Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың шығындарын қалай оңтайландырады
14 Шілде 2020, 10:59
Қазақстанда Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикалық өсімді қалпына келтіру және халықты қолдау бойынша бірлескен жоспары қабылданады
14 Шілде 2020, 10:50
Биыл шілдеден бастап ай сайын 600 мыңнан аса қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету көзделген — ҚР ДСМ
14 Шілде 2020, 10:28
Үкімет шектеу шараларын а.ж. 2 тамызға дейін ұзартып, табысынан айырылуы бойынша 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді жүзеге асырады
13 Шілде 2020, 18:46
14 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Шілде 2020, 18:28
Қазақстан Президенті пандемия құрбандарын үнсіз еске алу рәсіміне қатысты
13 Шілде 2020, 17:57
Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды
13 Шілде 2020, 11:31
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
13 Шілде 2020, 11:15
Марат Қарабаев ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды
13 Шілде 2020, 11:07
Қанат Баитов ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
13 Шілде 2020, 10:30
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин COVID-19 індетінен көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты
12 Шілде 2020, 11:41
Ерхат Есқалиев «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды
10 Шілде 2020, 21:35
Б. Шәріп «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды
10 Шілде 2020, 20:32
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты шұғыл жиын өткізді
10 Шілде 2020, 19:37
Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
10 Шілде 2020, 15:07
Үкімет 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарды
09 Шілде 2020, 20:45
Форвардтық сатып алу, егіс жағдайы және азық-түлік тауарларының қоры — Қазақстанның агроөнеркәсіп саласын дамыту
09 Шілде 2020, 16:13
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстауда
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.