Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуірдегі Заңы 24-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.
2. «Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 24 тамыздағы № 951 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 852-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және
ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының әзірленуі мен жүзеге асырылуына қатысты депутаттық сауал