Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №336 Қаулысы

Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және үйге тегін тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №140 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларындағы «көрсету» деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын білім туралы құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына (7 жасқа) дейінгі балаларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, «Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, «Кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үй кепілдігімен несие ресімдеу үшін банктерге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, «Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты және «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамалар беруі» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
2-бағанда:
реттік нөмірі 85-жолдағы «анықтама» деген сөз «анықтамалар» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
реттік нөмірі 87-жолдағы «ауыстыруға» және «анықтама» деген сөздер тиісінше «айырбастауға» және «анықтамалар» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
реттік нөмірі 88-жолдағы «Зейнеткерлік қорларға» және «анықтама» деген сөздер тиісінше «Зейнетақы қорларына» және «анықтамалар» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
реттік нөмірі 89-жолдағы «жасау» және «кеңесінің шешіміне анықтама» деген сөздер тиісінше «ресімдеу» және «органдарының анықтамаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 123-жолда:
«қамсыздандыруға» деген сөзден кейін «арналған» деген сөзбен толықтырылсын;
«құжаттар» деген сөз «құжаттарды» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
реттік нөмірі 124-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»;
реттік нөмірі 127-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үй кепілдігімен несие ресімдеу үшін банктерге рұқсаттар беру», орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу