Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №1031 Қаулысы

Опубликовано: Бейсенбі, 16 Қаңтар 2020

«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Мүлiк осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi негiзiнде беріледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi (бұдан әрi – тiзiмдеу актiсi) онда көрсетiлген тараптардың саны бойынша жасалады.

Тізімдеу актісі бірдей және (немесе) біртекті мүлік бойынша мәліметтерді қамтиды, мүліктің атауы, сандық және сапалық көрсеткіштері, сондай-ақ өлшем бірлігі көрсетіледі.

Бірдей мүлікке өздеріне тән негізгі белгілері: физикалық сипаттамалары бірдей мүлік жатады.

Егер қалған жағынан бұл мүлік осы тармақтың талаптарына сәйкес келсе, сыртқы түріндегі болмашы алшақтықтар мүлікті бірдей деп танымауға негіз болып табылмайды.

Біртекті мүлікке сипаттамалары бірдей болмаса да, ұқсас немесе бірдей функцияларды орындауға және өзара алмастыруға мүмкіндік беретін ұқсас компоненттерден тұратын мүлік жатады.

Бірдей немесе біртекті мүлікке мынадай мүлік жатқызылмайды: жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, арнайы техника.

Бір тiзiмдеу актiсiнде қамтылатын берілетін мүліктің атауы бесеуден аспайды.»;

мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. Сот орындаушыларынан немесе мүлікті алып қойған (беретін) органдардан (тұлғалардан) мүлікті есепке алуды уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар оны нақты қайта есептеу (қайта өлшеу) қорытындылары бойынша жүзеге асырады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Тізімдеу актісі есепке алу кітабына енгізілгеннен кейін мемлекеттік мүлік тізілімінде әр жазбаға мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша түгендеу карточкасы ашылады.

Түгендеу карточкасының тақырыбы мүліктің кімге берілгені, мүлікті беру күні туралы мәліметтерді қамтиды. Мүлікті сатқан кезде түгендеу карточкасында бюджетпен есеп айырысу мерзімдері, төлем құжатының
(құжаттарының) нөмірі мен күні көрсетіледі.

Мүлік бір тізімдеу актісі бойынша бірнеше ұйымға берілген жағдайда, түгендеу карточкалары әр ұйымға жеке ашылады.

Түгендеу карточкасының нөмірі тізімдеу актісінің нөмірінен (мүлік бірнеше ұйымға берілген жағдайда, реттік нөмірден) бөлшек белгісі арқылы бүтін цифрларды қосу жолымен қалыптастырылады.»;

14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде өткізу немесе беру үшін бағалау «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.»;

25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдар білмей келіп түскен сыйлықтар, олар өздерінің лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған сыйлықтар, не лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты жоғарыда көрсетілген адамдарға жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған) сыйлықтар, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшінің отбасы мүшелерi мемлекеттік қызметші қызмет бабында байланысты болатын шетелдік, сол сияқты Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алған сыйлықтар уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға сыйлық алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламамен қоса, тізімдеу актісі бойынша тапсырылады.»;

26-2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тапсырылған сыйлықты беру «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған, сатып алу-сату шартында көрсетілген сыйлықтың құнын толық төлегеннен кейін, уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған адам арасында қабылдау-беру актісіне қол қою арқылы жүргізіледі.»;

29-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мүлікті өтеусіз алуға өтінімдерді уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган қарайды. Мүлікті алуға ниетті бірнеше өтінім беруші болған кезде өз өтінімдерін бұрын берген тұлғаларға басымдық беріледі.»;

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                                        А. Мамин

Қосымша


Жаңалықтар тізбегі
08 Сәуір 2020, 19:17
ҚР Президенті Қ. Тоқаев «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Жарлыққа қол қойды
08 Сәуір 2020, 09:42
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарияланды
07 Сәуір 2020, 15:42
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Сәуір 2020, 15:40
Мемлекет басшысы көлік-логистика орталығына барды
07 Сәуір 2020, 13:12
Жұмыспен қамту және әлеуметтік төлем: төтенше жағдай кезінде мемлекет қандай шаралар қабылдауда
07 Сәуір 2020, 11:10
Қазақстанның ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту барысында 88 мың жұмыс орны құрылады
07 Сәуір 2020, 11:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі №173 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 11:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі №171 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі №166 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі №165 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:07
2020 жылы 12 600 отбасыны жалға берілетін тұрғын үймен қамту көзделген — ҚР ИИДМ
07 Сәуір 2020, 09:59
Ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту АӨК-ті дамытуға серпін береді — А. Мамин
07 Сәуір 2020, 09:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 15 млн шаршы метр тұрғын үйдің салынуы мен берілуін қамтамасыз етуді тапсырды
06 Сәуір 2020, 15:30
7 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
06 Сәуір 2020, 10:49
Мемлекет басшысы медицина саласындағы ғылыми орталықтардың қызметкерлерін құттықтады
05 Сәуір 2020, 20:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №55
04 Сәуір 2020, 16:39
Электронды үкімет порталының жұмысы қазір тұрақты - А. Жұмағалиев
04 Сәуір 2020, 15:17
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларға импорттық баж салығы жойылды
03 Сәуір 2020, 13:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №160 Қаулысы
03 Сәуір 2020, 13:17
Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды, Шымкентте карантин енгізілді
02 Сәуір 2020, 20:40
Растаушы құжаттарды тапсырмай төлемді кейінге шегеру - төтенше жағдай кезінде тұрғындар мен бизнеске қандай қолдау көрсетіледі?
02 Сәуір 2020, 15:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №153 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №152 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №147 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №126 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №124 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №123 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №122 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:52
Қазақстан Республикасы Үкіметініңі 2020 жылғы 16 наурыздағы №116 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №115 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 11:51
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру 7 мың жобаны қамтиды — ҚР ЕХӘҚМ 
02 Сәуір 2020, 10:42
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыруға жұмсалатын шығындар 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады — ҚР Қаржы министрлігі 
02 Сәуір 2020, 10:20
Үкімет азаматтар мен бизнесті қолдаудың қосымша шараларын қабылдады
02 Сәуір 2020, 10:13
ШОБ биылғы 1 қазанға дейін салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылады — ҚР ҰЭМ
01 Сәуір 2020, 20:17
Шарттар өзгертілді — қазақстандықтар 42 500 теңге мен «азық-түлік жиынтығын» қалай алады 
01 Сәуір 2020, 10:32
2 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
31 Наурыз 2020, 21:40
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
30 Наурыз 2020, 16:55
Коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы көлемі бекітілді
30 Наурыз 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №54
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №154 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысы
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.