Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі №234 Қаулысы

Павлодар облысының «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі «М.И. Глинка атындағыбалалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы ҚазақстанРеспубликасыЗаңының 10-бабының
4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайтаатау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңдытұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» ҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысынасәйкесҚазақстанРеспубликасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі «М.И. Глинка атындағыбалалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі «Естай атындағы балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының                   Премьер-Министрі А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу