Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29» қаңтардағы № 39 қаулысы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабына сәйкес Қазақстан   Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

          1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы», Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына
(бұдан әрі – қоғам) қосу және қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын.

          2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету қоғам қызметінің негізгі нысанасы деп айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, қоғам жарғысын әзірлеу мен бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркеуді;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне
қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын
беруді;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулы 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қосымша 1

Қосымша 2

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу