Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «27» желтоқсандағы № 861 қаулысы

«Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 85-86, 620-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                  Б. Сағынтаев

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу