Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №799 Қаулысы

Шымкент қаласының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласы білім басқармасының «№ 72 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілсін.
  2. Шымкент қаласының мынадай мәдениет және білім беру ұйымдарының атауы:
  1. Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхана» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  2. Шымкент қаласының білім басқармасының «Хамза атындағы№ 53 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласы білім басқармасының «Сабыр Рақымов атындағы № 53 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                       А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу