Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі №717 Қаулысы

«Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 16-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында:

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

                  А. Мамин

 

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу