Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №979 Қаулысы

«Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта атау туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 – 2021 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1751 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                                   А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу