Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №93 Қаулысы

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге және профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

 

«2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»

2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының
24), 25) тармақшаларын және «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1300 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге және профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды;

2) облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді тиімді пайдалануын мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;

2) есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне 019 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» және
063 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                   К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу