29 Қараша 2021, 10:15
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы №645 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 8 маусымдағы №645 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу