Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №247 Қаулысы

«Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1293 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1293 қаулысына (2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 544-547 (26390) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу қағидасында:

3 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) республикалық немесе облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб басшысы берген, терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағында көлік құралын пайдалану фактісін дәлелдейтін (көлік құралының бүлінген-бүлінбегені, жойылған-жойылмағаны немесе жанар-жағармай материалдарын пайдалану фактісі орын алған-алмағаны көрсетілген) анықтама.»;

көрсетілген Қағидаға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                А. Мамин

 

1-қосымша

2-қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу