Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «23» желтоқсандағы № 837 қаулысы

«Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-
79, 588-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» деген
бөлімде:

реттік нөмірі 51-жол алып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                         Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу